Архивтегі фото

"Вакцина салдырмасаң, анықтама бермейміз": Түркістан облысында болған оқиға

1819
(Жаңартылды 10:15 06.05.2021)
Дәрігерлер сабақтан қалған оқушының әкесіне вакцина алмасаң, мектеп сұратқан анықтаманы бермейміз деген

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының тұрғындары вакцинаны күштеп салдырып жатқанына наразылық білдірді, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Медицина қызметкерлері "екпе салдырмасаң, тиісті құжатыңды бермейміз" деп талап қояды екен.

"Қызым екі күндей тұмауратып үйде жатып қалды, сабақтан қалды. Сосын апайы анықтама әкел деген соң әкесі ауруханаға барды. Сен вакцина алмасаң, анықтама бермейміз деген. Негізі салдырғысы келмеген еді", - дейді Түркістан облысының тұрғыны Лаура.

Бұл жолы да министрліктегілер "екпе тек ерікті" түрде салынады деуден жаңылған жоқ. Мұндай факт анықталса, емхана қызметкеріне тиісті жаза қолданамыз деп отыр.

"Ол асыра сілтеу деп есептейміз. Министрліктен мұндай нұсқау берілген жоқ. Сондықтан ондай жағдайлар кездессе, қай мекемеде болғаны туралы нақты факті ұсынуды сұраймыз", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният.

Ажар Ғиниятқызы вакцинаны күштеп салдырып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталса кім жауап беретінін де нақтылады.

"Вакцина алған соң жағдайы нашарлайтын болса, сол вакцина салған мекеме жауап береді", - деп түсіндірді ол.

Қазір қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы үш препарат ұсынылып отыр. Олар: отандық "QazCovidIn", ресейлік "Sputnik V" және Қытайдың мен Біріккен Араб Әмірлігінде құйылған "Hayat Vax".

1819
Тақырып бойынша
QazVac салына бастайды: қазақстандықтар отандық вакцина туралы не білуге тиіс
Нұр-Сұлтан тұрғындары COVID-ке қарсы вакциналауға қатысты не дейді - видео
Вакцина салдырған соң бала көтеруге бола ма – дәрігерлер не дейді
Той, иллюстративті фото

Полицейлер 250 адам қатысқан тойды тоқтатты видео

6
Ресми мәліметке сәйкес, Шымкентте 20 маусым күні кешкі уақытта үйлену тойы ұйымдастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Шымкент қаласында карантин талаптарын бұзған мейрамхана анықталды. Полицейлер 250 адам қатысқан үйлену тойын қалай тоқтатқанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жексенбі, 20 маусым күні кешкі уақытта “HAYAT” мейрамханасында үйлену тойы ұйымдастырылған. Той иесі карантиндік шектеулерге қарамастан, қонаққа 250 адамды шақырған. Ал, мейрамхана қызметкерлері мен даяршылары бетпердесіз қызмет көрсетіп жүрген.

Полицейлер тойхана иесі мен той өткізген адамнан түсініктеме алды. Барлық материал тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Санитарлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша тиісті шара қолданады.

Оқи отырыңыз: Оралда тойға келген қонақтар жертөлеге жасырынып қалған - видео

Айта кетейік, заң бойынша жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш (87 510 теңге), ал шағын және орта кәсіпкерлік нысандарға 230-310 айлық есептік көрсеткіш (670 910 – 904 270 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

6
Кілт сөздер:
Шымкент, той, полицейлер
Тақырып бойынша
Жасырын тойларды анықтайды: Цой айтып жүрген пилоттық жоба неге әлі басталған жоқ
"Тойды ұйымдастырған мен емес": Марат Омаров жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатыр
Келін деп алғаны қызы екен: күйеу жігіттің анасы таңғажайып сәтке тап болды
Таразда той кортежі жол ережесін өрескел бұзды – видео
Алматыда ер адам той үстінде атыс ашты – видео
тұрмыстық зорлық-зомбылық

Павлодарда күдікті өзін полицей зорлағанын мәлімдеді - департамент түсініктеме берді

34
(Жаңартылды 17:14 21.06.2021)
Полиция офицерінің кінәсі дәлелденсе, ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылады

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Павлодарда тергеуге алынған қызды зорлау фактісі тексеріліп жатыр. Ол полиция офицерін айыптап отыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Білялова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы осы факт бойынша тексерісті бастады. Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" және 362-бабы "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану" аясында сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар белгіленді. Соның нәтижесінде тиісті шешім қабылданады", - делінген департаменттің редакцияның сауалына берген ресми жауабында.

Қылмыстық кодекс бойынша зорлау әрекеті қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалса, кінәлі адам 9-12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұдан бөлек, билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдаланғаны үшін 3 мың АЕК-ке дейін (8 миллион 751 мың теңге) айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Күдіктіні зорлау оқиғасы

Павлодар қаласының құқық қорғаушысы Елена Семенованың айтуынша, тергеуге алынған қызды түнде жалдамалы пәтерге апарған. Сол жерде төрт полиция қызметкері болған. Біреуі "күдікті қашып кетпесін" деп, жанына жатқан. Сосын қызды зорлап тастайды. Жәбір көрген қыз бәрін жазбаша баяндап берген. Оның сөзіне қарағанда, бұл оқиға 17 ақпан күні болған. Немолчи.kz" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі де осы оқиға жайында білетінін мәлімдеді.

"Қыздың анасы 13 мамырда НеМолчи.kz" қорына хабарласты. Нұрлан Мәсімов (Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы - Sputnik) осы істі жеке бақылауына алған. Олар кінәлі адамдарды жазалауға уәде берді", - дейді Таңсәрі.

Бірақ қор жетекшісі жәбір көрген қызды қайтадан тергеу изоляторыны тоғытып тастағанын білмейтін болып шықты. Осыған байланысты полиция басшысына тағы хабарласатынын жеткізді.

34
Кілт сөздер:
зорлау