Өңірлер

Instagram-да хат жазған: бейтаныс адамның айтқанын істеген ақтөбелік опық жеді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Алаяқ жәбірленушімен Instagram арқылы сөйлесіп, "Айфон 12" ұялы телефоны ұтысқа тігілгенін хабарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Ақтөбеде алаяқтар "қымбат телефон ұтысына" қатысқан ер адамның банк картасынан 40 мың теңгеден астам ақша ұрлаған, деп хабарлады Polisia.kz.

Белгісіз адам Instagram арқылы жәбірленушіге хат жазып, "Айфон 12" ұялы телефоны ұтысқа тігілгенін хабарлаған. Оған қатысу үшін жеке деректерін жіберуді сұраған. Осылайша алаяқтар оның банк картасынан 44 мың теңге көлемінде ақша жымқырған.

Оқи отырыңыз: Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады – министрлік ақпарат берді 

Аталған факті негізінде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және осы қылмысты жасаған адамды анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.  

Полиция қылмыскерлер ұялы байланыс құралдарын, гаджеттерді, интернетті қолдана отырып, азаматтардың ақшасын түрлі сылтаумен заңсыз иемденетінін ескертті.

Жаңалықтар
0