Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда сәби анасы емізгеннен кейін көп ұзамай көз жұмды

© Photo : pixabay.comСәбидің қолы, иллюстративті сурет
Сәбидің қолы, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Нәрестенің денесінен қандай да бір дене жарақаты байқалған жоқ. Сәби анасы емізгеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстанда полицейлер емшектегі сәбидің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға Бәйтерек ауылында болды. Қызылжар ауданының полиция бөліміне ауылда 2021 жылы 30 наурызда туған емшектегі сәби қайтыс болғаны туралы хабар түсті.

Бұл факті Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

"Баланың денесінен қандай да бір жарақат байқалмады. Сәбидің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Мамандар "Емшектегі сәбидің кенеттен болған өлімі" деген қорытынды шығарды", - деді өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Таразда перзентханадан нәресте ұрланды

25 жастағы келіншектің айтуынша, ол таңғы бестер шамасында оянып, баласын емізген. Кейін сәбиін ұйықтатып, өзі де ұйқыға жатқан. Сағат 7.30-да тұрған кезде сәбиінің тыныс алмай жатқанын көрген. Туысқандары бірден фельдшер шақырады, дәрігер нәрестенің өлімін тіркеді.

"Қазір бұл факті бойынша істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полициядағылар.

Жаңалықтар
0