Өңірлер

Алматылық дәрігерлер вакцина салдыруға келгендерді қылмысқа итермелеген

© Sputnik / Серикжан КовланбаевЖенщины с колясками на улице в Алматы, архивное фото
Женщины с колясками на улице в Алматы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Жазылу
Вакциналау паспортын 15 мың теңгеге сатып келген емхана қызметкерлері өз еркімен жұмыстан шықты. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Алматыда тағы бір емхана вакциналау паспортын саудаға салды деген күдікке ілінді, деп хабарлады КТК.

Алматыдағы №4 емханада вакциналау паспорты саудаланып жатыр деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Дәрігерлер жалған құжатты 15 адамға дайындап беріп, әрқайсынан 15 мың теңгеден алған. Індетті жеңудің жалғыз жолын бизнеске айналдырғандар туралы қоғамдық денсаулық басқармасына да тұрғындардан шағым түсіпті.

"Бұр әрекетке барған медициналық қызметкерлер өз еркімен жұмыстан шықты. Қазір іс бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Тергеу қорытындысына сәйкес, күдіктілер тиісті жазаға тартылады", - деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Мақпал Сералинова.

Вакциналау паспортын табыс көзіне айналдырғандар Нұр-Сұлтан қаласында да бар. Мұндағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде екпе салып жүрген дәрігерлер осындай күдікке ілінді. Олар келген адамдарды вакцина алу туралы райынан айнытқан. Есесіне 5 мың теңгеге заңсыз паспорт жасап беруді ұсыныпты.

"Бізге заңсыз паспорт жасап беруді ұсынатын дәрігерлер туралы шағымданатындар көп. Сондай тұрғындардың бірі Asia park сауда және ойын-сауық кешеніне вакцина алуға барған. Мамандар оны базаға екпе алған деп енгізуді, ал іс жүзінде вакцинаны салдырмауды ұсынған. Қарағанды мен Шымкенттен де осындай шағым келіп түсті. Мұндай мәселенің туындауына кей мекемелердің қызметкерлерін екпе алуға міндеттеуі себеп деп ойлаймын", - дейді медицина ғылымдарының докторы Ботагөз Кәукенова.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға 1 миллион доллар беріледі 

Осыдан кейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы тексеріс жүргізгенімен, "вакциналау паспортын сату дерегі анықталған жоқ" деп, істі жылы жапты. Бұған дейін Алматыдағы №21 емханада да осындай шу шыққан болатын. Бұл дерекке қатысты полицейлер әлі тергеу жүргізіп жатыр.

"Медициналық мекеменің екі қызметкері күдікке ілінді. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Содан соң заңнама аясында шешім қабылданады", - деп түсіндірді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жалған құжат дайындап сату – қылмыс. Мұндай заң бұзушылыққа барғандар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Заңсыз құжатты қолданғандарға да қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Жаңалықтар
0