Өңірлер

Семейде көпірдің астынан із-түзсіз жоғалған жігіттің мәйіті табылды

© Photo : СС0 / StockSnapТуннель
Туннель - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Жазылу
10 мамырда жігіттің жоғалып кетуіне байланысты туыстары дабыл қақты. Кейінірек оның денесі Ертіс маңындағы көпірдің астынан табылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Семейде қала тұрғындары бұрын жоғалып кеткен 22 жастағы Арман Мұхалиевтің денесін тапты, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Із-түзсіз жоғалып кеткен қызды өлтірген жеңгесі болып шықты

10 мамырда жігіт таңғы сағат 5-те үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Туыстары дабыл қағып, жоғалған адамды іздеу басталды. Оған полиция қызметкерлері, туыстары, еріктілер және қарапайым қала тұрғындары қатысты.  

Кеше сағат шамамен 19:30-да Арман Мұхалиевтің денесі Ертіс маңындағы көпірдің астынан табылды.

"Оқиғаның мән-жайын және өлімнің себебін анықтау үшін барлық қажетті сараптама жасалады", - деп хабарлады полиция.

Осы жылдың наурыз айында да Семей тұрғыны жоғалып кетіп, үш күннен кейін өлі табылған еді. Ер адамның жүрек ауруына шалдыққаны анықталды.

Жаңалықтар
0