Өңірлер

Алматы облысындағы сауда үйінде ер адамның ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Владислав ВодневБақылау камерасы
Бақылау камерасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Тәртіп сақшылары тексере келе, оның алты жыл бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін жауапқа тартылғанын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Алматы облысындағы сауда үйінің бірінде ер адамның аяқ киімді қолды етіп жатқан сәті бақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарасай аудандық полиция бөліміне сауда иесінен екі арыз түсті. Оның бірінде белгісіз біреу 67 мың теңгенің аяқ киімі ұрланғаны, ал екіншісінде 73 мың теңгенің тауары тоналғаны туралы айтылған.

Осындай шағымның негізінде әрекет еткен тәртіп сақшылары кәнігі ұрының қайта оқиға орнына қайта оралатынын сезеді. Сөйтіп, оның тағы да ұрлық жасап жатқан сәтінде үстінен түсуге дайындалады. Яғни, сауда орталығына мұқият әрі қатаң бақылау жүргізуді ұйымдастырды.

Нәтижесінде, 15 мамырда ер адам тұтқындалды. Ол дүкенге келіп, 42 мың теңгенің аяқ киімін ұрлап жатқан сәтінде ұсталды және өз кінәсін толық мойындады. 

Кейіннен оның алты жыл бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін жауапқа тартылғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында әкім мен жүргізушілердің қақтығысы видеоға түсіп қалды

Ал оның соңғы әрекеті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бап, 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, жауапкершілікке тартылатын болды.

Жаңалықтар
0