Өңірлер

Қазақстан өңірлерінде жанкүйерлер стадионға Ashyq арқылы кіргізілуі мүмкін

© Photo : Официальный сайт ФК "Астана"Фансектор на стадионе "Астана Арена"
Фансектор на стадионе Астана Арена - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
23 мамыр күні "Астана-Аренада" өткен футбол матчына Ashyq қосымшасы арқылы алты мың көрермен стадионға кіргізілді

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстан өңірлерінде спорттық сайыстар кезінде көрермендер стадионға Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілуі мүмкін. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол кеше елордада "Астана-Аренада" өткен футбол матчына тоқталды. Айтуынша, Ashyq қосымшасының арқасында алты мың көрермен стадионға екі сағат ішінде кіргізілген. Бір адамда "сары" статус шықты.

"Кеше "Астана-Аренада" үлкен футбол матчы өтті. Бұл карантиннен кейінгі алғашқы ауқымды шара шығар. Бір стадионға алты мың адам жиналды. Олардың бәрі екі сағат ішінде Ashyq бойынша ішке кірді. Бір адамда "сары" түс жанды. Ал жалпы барлығы тыныш өтті", - деді ол брифингте.

Якупбаева болашақта осы тәжірибені республиканың басқа спорт ареналарына да таратуға болатынын атап өтті.

"Азаматтарды өткізу процесін толығымен реттегеннен кейін, біз бұл тәжірибені басқа ареналарда да қолдана аламыз. Тіпті келушілер санын 20-дан 30%-ке дейін ұлғайтуға болады", - деді басқарма төрағасының орынбасары.

Оқи отырыңыз: Министрлік Ashyq-тағы ақау үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады

23 мамыр күні кешке Нұр-Сұлтанда "Астана" мен "Қайрат" командалары арасында матч өтті. Қос команда 1:1 есебімен тең түсті. Жанкүйерлер стадионға Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді. Матчқа статусы "көк" және "жасыл" шыққандар ғана жіберілді. Бұған қоса, көрермендер бетперде киіп, бір жарым метр әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға тиіс болды.

Жаңалықтар
0