Өңірлер

Алматыда жартылай жалаңаш ер адам жанармай бекетінің үстінде ессіз әрекет жасады – видео

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilАвтозаправочная станция, топливные "пистолеты"
Автозаправочная станция, топливные пистолеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2021
Жазылу
Полицияның мәліметінше, бұзақылық жасаған ер адам мас болған. Мұны медициналық тексеру қорытындысы көрсетті

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Алматыда жартылай жалаңаш ер адам жанармай бекетінің үстіне шығып, маңдайшаны жұлып, қоқысты жаяу жүргіншілер мен көліктерге лақтырған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Алматы қаласының полициясы осы оқиғаға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық іспен Әуезов ауданының полиция бөлімі айналысады. Күдікті ұсталды", - деп хабарлайды Алматы ПД баспасөз қызметі.

Полицияның ақпаратына сәйкес, бұзақылық жасаған ер адам мас болған. Мұны медициналық тексеру қорытындысы көрсетті.

Ер адамның мұндай әрекетке не себепті барғаны тергеу барысында белгілі болады.

Жаңалықтар
0