Өңірлер

"Қасиетті су ғой": әкім Алакөлде не себепті ПТР-тест сұралмайтынын түсіндірді

© Photo : Служба центральных коммуникацийАким Алматинской области Амандык Баталов
Аким Алматинской области Амандык Баталов - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
Алматы облысына қарайтын Алакөл жағалауында ПТР-тест талап етілмейді. Бірақ демалушылар Ashyq қосымшасы арқылы тексеріледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірге қарайтын Алакөл жағалауында ПТР тест талап етпеудің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Біз былтыр да үлкен жауапкершілік алып, Алакөлге келетін адамдардан ПТР-тест талап еткен жоқпыз. Мен ылғи сұрап, біліп жүремін. Біздің жақта демалған бірде-бір адам ауырып қалған жоқ. Оны құжатпен дәлелдей аламын. Қасиетті су ғой, ауасы қандай", - деді Баталов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Өңір басшысының айтуынша, биыл да Алматы облысына қарайтын Алакөл жағалауында ПТР-тест талап етілмейді. Бірақ демалуға келген адамдарды Ashyq қосымшасы арқылы тексереді.

"Басқа бюрократияның қажеті қанша, Ashyq қосымшасы да жетеді", - деп атап өтті Баталов. 

Осы орайда әкім коронавируспен ауырып қалған кезін еске алды.

"Алакөлдегі атмосфераның өзі жанға жайлы. Әлі есімде, коронавируспен ауырғаннан кейін жұмысқа шықтым. Сонда өкпенің 30 проценті әлі зақымданып тұрған. Үкімет басшысы жол мәселесі бойынша кеңес өткіземін деді. Мен Алакөлге бір күн бұрын бардым. Сол кезде жарты күндей жүрдім, өкпем кәдімгідей ашылды. Керемет болды", - деді Баталов.

Жаңалықтар
0