Архивтегі фото

Вакцина салдырған алматылық ІРhonе 12 ұтып алды  

13182
(Жаңартылды 15:56 01.06.2021)
Барлығы 5 жүлде ойнатылды: ІРhonе 12 смартфоны, Samsung Galaxy A02 телефоны, "Starbucks" желісінен, "Wendy's" мейрамханасынан сертификаттар берілді

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым — Sputnik. Алматыда вакцина алғандар арасында өткен ұтыс ойынының жеңімпаздарды анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екпе салдырғандарды қолдау мақсатында "Өзіңе және жақындарыңа қамқор бол" акциясын мегаполистегі алғашқылардың бірі болып "ЦУМ" сауда үйі өткізді.

Жеңімпаздар кездейсоқ таңдалды. Барлығы 5 жүлде ойнатылды: ІРhonе 12 смартфоны, Samsung Galaxy A02 телефоны, "Starbucks" желісінен, "Wendy's" мейрамханасынан сертификаттар, сондай-ақ кәдесыйлар орталығынан сертификаттар берілді.

Бас жүлде ІРhonе 12-ні Дарья Сургутанова иеленді.

"Мен коронавирус вакцинасын сыйлық ұтып алу үшін салдырған жоқпын. Бұл – менің саналы таңдауым. Өзімнің және жақындарымның ауырғанын қаламаймын. Менің ойымша, бұл керемет мүмкіндік. Тегін вакцина алып, ауруға қарсы тұру бәріміздің қолымыздан келеді. Сондықтан мен қала тұрғындарын екпе алдыруға шақырамын", – деді Дарья Сургутанова.

"ЦУМ" сауда үйінде вакцина салдырғандардың бәріне киім, аяқ киім, сағаттар, ұялы телефондар, аксессуарлар, тіпті зергерлік бұйымдарды сатып алуға үлкен жеңілдіктер қарастырылған.

Сол күні Globus СОСО леуметтік желілердің тікелей эфирінде вакцина алған адамдар  арасында ІРһоnе 12 ұтыс ойыны өткізді.

 Айта кетейік, қалада Qamqor акциясы жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтары вакцина алғаны туралы төлқұжатын көрсеткен кезде кәсіпкерлерден тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктер ала алады. Мысалы, вакцинаның арқасында кинотеатрға, фитнес-орталық, моншаға баруға және тағы басқа қызметтерге 20 проценттік жеңілдік алуға мүмкіндік бар.

13182
Кілт сөздер:
вакцина, ұтыс
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (371)
Шаңды дауыл, маска киген әйел, архивтегі сурет

Сабақ онлайнға ауысты: Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды видео

2838
Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда полиция күшейтілген жұмыс режиміне ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданын шаңды дауыл басты. Табиғаттың тосын мінезінен оқушылардың сабағы онлайн болды, ал жүргізушілерге жолда сақ болу керектігі ескертілді.

Бұл туралы жергілікті "Лада" басылымы аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Тұрғындар шаңды дауылдың видеосын әлеуметтік желіде таратып жатыр.

Ауа райының күрт нашарлауы салдарынан күндізгі ауысымда оқитын 8451 оқушы мектепке бара алмады.

"Мектеп оқушыларының сабағы онлайн форматқа ауыстырылды. Оқушылардың үйден шықпауын қадағалауыңызды сұраймыз. Қолайсыз ауа райына байланысты аудан аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолдарда полиция экипажы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты", - деді Бейнеу ауданының әкімдігі.

Оқи отырыңыз: 

2838
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, шаңды дауыл, видео, ауа райы қолайсыздығы
Қар, архивтегі сурет

Жаңбыр қарға ұласады: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

1157
Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұған солтүстік-батыс және оңтүстік циклонның бірігуі әсер етеді

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Синоптиктер 25-27 қыркүйек арасында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидромет болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұған солтүстік-батыс және оңтүстік циклонның бірігуі әсер етеді. Жаңбыр жауып, республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбыр қарға ауысуы мүмкін.

Жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Батыста ауа температурасы түнде 7-15°C, күндіз 15-25°C-тан 10-20°C-қа дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста түнде 3 градус аяздан 5-қа, күндіз 13-23°C-тан плюс 3-13 градусқа дейін төмендейді.

Елдің солтүстігінде және орталығында түнде сынап бағанасы 2-7 аяздан 3-8°C жылыға дейін, күндіз 10-20°C-тан 5-13°C дейін жылы болады.

Шығыста ауа температурасы түнде 5 аяз 5°C жылы, күндіз 7-17°C жылы болады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына келсек, түнде 5-15°C-тан 10-17°C-қа дейін жылы, күндіз 25-32°C-тан 18-25°C-қа дейін төмендейді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтан қаласында 25 қыркүйекте күн ашық, күндіз +12°C жылы, түнде -1°C болады. Ал 26 қыркүйекте күн бұлтты. Түнде +2°C, күндіз +10°C жылы. Ал 27 қыркүйекте қар аралас жаңбыр жауады, түнде +2°C, күндіз + 7°C жылы.

Алматыда 25-26 қыркүйекте күн ашық болады. 25 қыркүйекте ауа температурасы түнде +9°C, күндіз +19°C жылы болады. Ал 26 қыркүйекте түнде +12°C, күндіз +26°C жылы. Дүйсенбіде күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +17°C, күндіз +26°C жылы болады.

Шымкентте 25-26 қыркүйекте күн ашық, түнде +13...+16°C, түнде +31...+34°C жылы болады. 27 қыркүйекте жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +18°C, күндіз +23°C болады.

1157
Кілт сөздер:
ауа райы, қар, жаңбыр
Архивтегі фото

Тоқаев қордаланған мәселелерге назар аударды

0
Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдауға қойылған шектеулерге қатысты қордаланған мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық өнімдерді эспорттау саласындағы қордаланған мәселелерге назар аударды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар туралы баяндамасын тыңдай келе, шикізат экспортын ұлғайту үкіметтің күн тәртібіндегі өте маңызды мәселе екенін атап өтті.  

Оқи отырыңыз: Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен – Тоқаев

Оның пікірінше, экспортқа қатысты кедергілерді жою, экспорттың географиясы мен номенклатурасын кеңейту, ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау үшін бүкіл үкіметтің күш-жігерін жұмылдыру керек. Сонымен қатар сыртқы істер министрлігі мен оның шетелдегі мекемелері экспортты ілгерілету, нарықтарға жол ашу және кедергілерді жою жөніндегі жұмыстарға белсенді атсалысуы қажет.

"Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдауға қойылған шектеулерге қатысты қордаланған мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді. Транзиттік жүктер өтеді, ал біздің жүктеріміз шекарада қалып қояды. Қазақстандық тауарлар тиелген мыңдаған вагон бекеттерде тұр. Бизнес тікелей президенттен көмек сұрайды. Мұндай жағдайларда үкімет жедел әрекет етіп, серіктестермен арадағы барлық мәселені реттеуі тиіс", – деді мемлекет басшысы реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында.

 Отырыстың күн тәртібінде төрт мәселе қарастырылды. Олар: ұлттық жобалар, тиімді тауар өткізу жүйесін қалыптастыру, экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар және аумақтық даму жоспарының жобасы.

0