Өңірлер

Атырау полицейлері жолда түсіп қалған әмиянды алып кеткен көлікті тоқтатты

© Sputnik / Абзал Калиев Портмоне с деньгами
 Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2021
Жазылу
Полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатып, көлік иесін қалалық полиция басқармасына жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Атырау полицейлері жол бойында түсіп қалған әмиянды иесіне табыстады, деп хабарлады Polisia.kz.

"Мен таксиге 200 мың теңгеден астам ақшамен отырдым. Алайда түскен кезде ұмытып кетіппін. Бұл мен үшін үлкен материалдық шығын еді, алайда полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ақшам қайтарылды. Көп рахмет айтамын", – дейді тұрғын.

Жоғалған әмиянды іздеумен Атырау қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының қызметкерлері айналысқан. Оқиғаның шамамен қай кезде болғанын, жолаушының таксиге қай жерден отырғанын және көлік маркасын анықтау үшін полицейлер бейнебақылау камераларын да тексерген.

27 жастағы жігіт сағат 11:50 шамасында Дина базары артынан Largus көлігіне мінбес бұрын көлік үстіне әмиянын қойып, кейін алуды ұмытқан. Автокөлік жүріп, әмиян жерге құлап түседі. Кейін оның артында келе жатқан ВАЗ 2114 автокөлігі тоқтап, әмиянды алған.

Оқи отырыңыз: Астана тұрғыны қомақты ақша тауып алды

Оқиғаның қалай болғанын видеодан анық көруге болады. Бейнебақылау қызметкерлері аталған автокөліктің мемлекеттік нөмірін анықтап, аумақтағы полицейлерге бағыттама берді.

Полицейлер автокөлікті тоқтатып, көлік иесін қалалық полиция басқармасына жеткізді. Көлік жүргізушісі әмиянды сол уақытта полиция басқармасына апарып, бермек болғанын айтады. Алайда тәртіп сақшылары оны ерте тапқан. Нәтижесінде қомақты ақша өз иесіне қайтарылды.

Жаңалықтар
0