Өңірлер

Ақсуда есірткі сататын сайтқа жарнама жасаған ер адам ұсталды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуҚолға кісен салу
Қолға кісен салу - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Облыстық полиция департаментінің дерегінше, 37 жастағы азамат есірткі графитін жасады деген күдікке ілінген

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ақсу қаласының тұрғыны сайт арқылы есірткі саудасын насихаттағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды жергілікті Pavlodarnews.kz басылымы.

Есірткі сататын сайттардың сілтемесін трафаретті бояу арқылы жарнамалағаны үшін 37 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол есірткі графитін жасады деген күдікке ілінген.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 299-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – дейді қалалық полиция бөлімінің бастығы Мыңбай Асылбеков.

Айта кетейік, есірткі насихаты мен оны сататын интернет-сайттарға сілтемелерді таратқаны үшін заңда үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Оқи отырыңыз: Ақшұқыр ауылындағы қанды оқиғадан кейін 11 адам тұтқындалды

Ал егер мұндай қылмыс білім беру ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдары немесе электрондық ақпараттық ресурстар арқылы яки адамдардың жаппай жиналатын орындарда жасаған жағдайда, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0