Өңірлер

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының жүзге жуық малы қырылып қалды

© Sputnik / Саид ЦарнаевҚойлар
Қойлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Жазылу
Мамандардың айтуынша, қойдың жүні тиісті уақытынан бұрын қырқылғандықтан, қолайсыз ауа райына шыдас бере алмаған

АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты ауыл тұрғындарының малы қырылып қалды. Шалқар ауданында бұршақ жауып, екі ауылда жүзге жуық қой мен ешкі қырылды, деп хабарлайды КТК.

Ауыл тұрғындары бұршақтан кейін қырылған малдың видеосын түсірген. Шоқсу ауылы тұрғынының айтуынша, мұнда адамдар қорадағы елу шақты малынан айырылды. Ал көрші 79-шы разъезде де осынша мал өліп қалды.

"Мынау міне, біздің ауылдың ешкі-қойлары. Жаңбырдың пайдасы. Қой қырылып қалды. Бір сыпырасын әкеліп, таратып жібердік", – дейді видеодағы ауыл тұрғыны.

Мамандардың айтуынша, қойдың жүні тиісті уақытынан бұрын қырқылған. Егер жүні болғанда қолайсыз ауа райына шыдас берер еді. Алайда мал иесі оларды жақында ғана жазғы жайылымға дайындаған.

Ауа райы қой мен ешкі жайылымда жүрген кезде бұзылған. Жақында ғана жүні қырқылған жануарлар оны көтере алмаған. Алайда ауыл тұрғындары оларды арам өлмей тұрғанда бауыздап үлгерген.

Оқи отырыңыз: Қазығұрт ауданында тұрғындар ауыл әкімдігінің алдын мал қораға айналдырды

Ақтөбе облысы ветеринария басқармасының басшысы Иса Базаровтың айтуынша, қыстан шыққан малдың қуаты болмаған. Ал бауыздалған малдың еті таратылды.

Жаңалықтар
0