Өңірлер

Қызылорда облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

© REUTERS / SHAMIL ZHUMATOVАрал теңізінің маңындағы ауыл
Арал теңізінің маңындағы ауыл - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Өңірде төтенше жағдай жариялау үшін бірнеше органдардың келісімін алуы керек болғандықтан, жергілікті атқамінерлер осы күндері құзырлы органдар тексерісінің нәтижесін күтіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Төтенше жағдай құрғақшылық пен мал азығының жетіспеуіне байланысты енгізілуі мүмкін. Ұсынысты Қызылорда облысы Арал ауданының әкімдігі жасады. Онда қазірдің өзінде 500-ге жуық ірі қара өлген, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Өлген малдардың өлекселері сараптамаға жіберілді. Ал тірі малдарды сақтап қалу үшін жергілікті билік төмендетілген бағамен жем-шөп жеткізуді ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі кезде құзырлы органдар тексеру нәтижесін күтіп отыр. Өйткені, өңірде төтенше жағдай жариялау үшін бірнеше органдардың келісімін алу керек.

"Аудандағы малды азықтандыру үшін 7 520 тонна шөп қажет. Бүгінге дейін 560 тонна әкелінді. Бағаны ұстап тұру үшін біз жеткізу шығындарын жабуды жоспарлап отырмыз", – дейді Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев.

Оның айтуынша, табысы төмен отбасылар үшін жем-шөп тегін беріледі. Қазіргі кезде бұл мақсаттағы шығындардың есебі бөлек жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Арыста ескі мал қорымдары табылды: аурудың таралу қаупі бар ма?

Жаңалықтар
0