Дәмханадағы ас мәзірі, көрнекі фото

"Масқара!": Петропавл ауруханасында жатқан науқас видео түсіріп, желіде жариялап жіберді

4595
Ашуланып кеткен ер адам бәрін видеоға түсіріп алды. Осыдан кейін тамақты таратқан санитар әйелге сөгіс жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым - Sputnik. Петропавл қаласының №3 ауруханасында жатқан пациент осы мекемеде тамақ тарату жұмысына наразылық білдірді. Санитар әйел тәрелке болмағасын бесін асты тура тумбочканың үстіне салып кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Петропавловск.news (@pkzsk)

Ашуланып кеткен ер адам бәрін видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратып жіберді.

"Міне, біздің үшінші қалалық ауруханамызда осылай тамақ береді. Бүгін – 2021 жыл, 8 маусым. Адамдар түстен кейін ұйықтап жатқанда тамақты әкеліп тастаған. Ірімшік ашымасын кесек-кесекпен алып келген. Бұл – бесін ас", - дейді пациент.

Осыдан кейін ер адам санитар әйелге видеоға түсіріп жатқанын айтып, тамақты итке бергендей неге тумбочканың үстіне қойып кеткенін сұрады.

"Енді қайда салайын? Бізде тәрелке жоқ", - деп жауап берді санитар әйел.

Петропавловск News сайтының мәліметіне сәйкес, облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханадағы тәрелке тапшылығын жоққа шығарды. Ал санитар әйелге сөгіс жарияланды.

"Санитар әйел пациентке тамақты тумбочканың үстіне салып берген. Ауруханаға тәрелке жеткілікті.  Осы оқиға мейіргерлер кеңесінде қаралды. Аурухана әкімшілігіне санитар әйелге сөгіс жариялау ұсынысын енгізу туралы шешім қабылданды", - делінген ресми хабарламада.

Оқи отырыңыз: Дәрігер бөлмесіндегі бейнежазба Петропавл тұрғындарының шамына тиді

Бұдан бөлек, санитар әйелді басқа жұмыс орнына ауыстыру мәселесі қаралады.

4595
Кілт сөздер:
тамақ, аурухана
Тақырып бойынша
Көз алдында өртеніп кетті: Солтүстік Қазақстанда болған оқиғаның мән-жайы
СҚО-да ерлі-зайыптылар мұз суға құлаған көліктен құтқарылды
Петропавлда науқас аурухана терезесінен құлап көз жұмды
Петропавлда науқастардың өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды
Кісен, архивтегі фото

Алматыда сотталушыға күш көрсеткен абақты қызметкерінің өзі түрмеге түсті

66
Ол "Билік немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым — Sputnik. Алматының Түркісіб аудандық соты Қазақстан ІІМ ҚАЖК ЛА-155/18 мекемесінің режимдік бөлім және күзет қызметкері Ережеповты алты жылға соттау туралы үкім шығарды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Ол сотталушыға арнайы құралдармен (кісен және резеңке таяқшаны қолдану) күш көрсетті деп айыпталды. Уақытша ұстау изоляторының қызметкері осы әрекеті арқылы сотталушының денсаулығына, заңды құқықтарына және мүдделеріне үлкен зиян келтірген.

Оқи отырыңыз: Ақтаудағы тергеу абақтысында түсірілген видео тарап кетті – тексеріс басталды 

Ережепов Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-тармағы (Күш және қару немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша сотталды.

66
Тақырып бойынша
Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап
"Бәрі өз еркіммен болды". Ақтөбелік әйел өзін жабылып зорлағандарды ақтап отыр
Жынысын ауыстырған жігітті түрмеде зорлады: адвокаты мән-жайды түсіндірді
Әлеуметтік желіде жарияланған шағымнан соң Қарағандыдағы түрме тексерілді
Өзен, архивтегі фото

Есіл өзенінен дүйсенбі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

336
(Жаңартылды 21:16 18.06.2021)
Ер адам белгісіз жағдайда дүйсенбі күні кешке жоғалып кеткен. Өзен жағасынан оның көлігі мен ізі табылды. Үш тәуліктен кейін құтқарушылар оның денесін судан шығарды  

ПЕТРОПАВЛ, 18 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Есіл өзенінен түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен адамның мәйітін тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

14 маусым күні кешке Есіл өзенінің жағасында Бірлік ауылының 1952 жылы туған тұрғыны белгісіз жағдайда жоғалып кетті.

"Іздестіру жұмыстары кезінде Есіл ауданының Бірлік ауылынан Ильинка ауылына қарай екі шақырым жерде ер адамның көлігі табылды, сондай-ақ Есілдің жағасынан өзенге қарай кеткен адамның ізі табылды. Осыдан кейін облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерін тарту туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Есіл өзеніндегі іздеу жұмыстары үш күнге созылды. Құтқарушылар мен сүңгуірлер Есіл өзенінің арнасымен 44 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтті. Судың лайлануы іздеу жұмыстарын қиындатты.    

"Жоғалған азаматтың мәйітін іздестіру тобы Есіл өзенінің бойындағы Бірлік ауылынан 6 шақырым жерден тапты. Ер адам сырт киімде болған. Оның неден көз жұмғаны анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады ТЖ департаменті.

Солтүстік Қазақстанда өзеннен шығарылған көліктен ер адамның мәйіті табылды

Ведомство Есіл өзенінің Бірлік ауылының маңында орналасқан бөлігінде шомылуға рұқсат етілмейтінін атап өтті.

Биыл облыстың су айдындарында сегіз адам, оның ішінде үш бала қаза болды.

336
Тақырып бойынша
Бауырымен ойнап жүрген: Солтүстік Қазақстанда жоғалған 8 жасар қыздың денесі табылды
Көлігі өзеннен табылды: Қарағанды ​​облысында кәсіпкер іздестіріліп жатыр
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
Нұра өзенінде жоғалған кәсіпкерге қатысты тың ақпарат шықты
Куәгерлер суға түскенін көрген: Сайран көлінде ер адам іздестіріліп жатыр
Встреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве

Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдік саясат қалай өзгереді

0
Сарапшылар Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдегі саяси жағдай қалай өзгеретіні туралы пікірін бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Күні кеше ғана Женевада Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі өтті. Екі көшбасшы да кездесуге көңілдері толатынын жеткізді. Алайда бұл кездесу екі елдің арасындағы шиеленістің біршама бәсеңдеуіне ықпал етті ме? Қос көшбасшының диалогы Ресей Федерациясының Еуропамен қарым-қатынасына қалай әсер етеді? Осы туралы Sputnik материалында толығырақ.

Болашаққа бағдар

16 маусымда Женевада Владимир Путин мен Джо Байденнің кездесуі революциялық өзгерістерге алып келмегенімен толыққанды диалогтың бастамасы болуы әбден мүмкін. Саммит қорытындысы бойынша "Россия сегодня" ХАА мультимедиялық баспасөз орталығындағы пікірталасқа қатысқан сарапшылар осындай пікір білдірді.

Ресей мен АҚШ-тың стратегиялық қаруландыруды бақылауда ұстауды көздеуін растайтын бірлескен мәлімдемеге қол қойылуы екі президент кездесуінің маңызды нәтижесі болды. Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов осылай деп санайды.

"Стратегиялық шабуылдау қаруларын шектеу туралы шарт бес жылға созылғанымен, уақыт соншалық көп емес. Тараптар қаруландыруды бақылаудың жаңа моделі туралы келісімге келгені жақсы болар еді", - дейді ол.

Сарапшының пікірінше, өзара консультациялар мәселесіне киберқауіпсіздік проблемаларын қосуға АҚШ-тың келісуі де аса маңызды. Себебі бұған дейін Америка бұл мәселеден түбегейлі бас тартып келді. Сонымен қатар Андрей Кортунов Вашингтон мен Мәскеудегі елшілердің қайтарылуы да болашаққа оптимизммен қарауға себеп екенін айтты.

Ал РҒА АҚШ және Канада институтының директоры Валерий Гарбузов Ресей-Америка қарым-қатынасында проблемалар қордаланып қалғанын және ол бір кездесуде түгелдей шешіле қоймайтынын айтты.

"Бұл саммит консультациялар, келіссөздердің бастауы болуы керек. Егер жұмыс топтары құрылып, кездесулер басталса, мемлекет басшылары телефон арқылы немесе бетпе-бет кездесу арқылы сөйлесетін болса, онда диалог қалпына келеді. Алдағы бірнеше аптада-ақ нәтижесін көре аламыз", - деп болжам жасады ол.

Трамппен кездесуден өзгерек

Женевада өткен саммит Владимир Путиннің 2018 жылы Хельсинкиде Дональд Трамппен кездесуін еске салады, дейді Валерий Гарбузов.

"Трамппен кездесуден де көп нәтиже күтті. Кейбіреулер бұл кездесуді тарихи деп атады. Алайда бәрі құрдымға кетті. Болашақта Женева саммиті де осындай күй кешпесе деймін", - деді сарапшы.

Андрей Кортунов Байденнің Ресей президентімен кездесуді қысқа мерзімде тез ұйымдастыруы да жақсы нышан екенін айтты. Себебі алдыңғы президент Дональд Трамп Владимир Путинмен алғашқы және соңғы кездесуін өткізуі үшін жарты жыл уақыт жұмсаған болатын.

Еуропа, санкциялар және Украина

АҚШ пен Ресей арасындағы аздаған "жылымық" Вашингтонның еуропалық одақтастарының антиресейлік ұстанымын біршама жібітуге ықпал етеді. Сондықтан саммиттің позитивті нәтижесі Мәскеу үшін геосаяси аспектіде де тиімді деп санайды Валерий Гарбузов.

"Брюссельдегі Ресеймен ынтымақтастықты жақтаушылар үшін енді біршама жеңіл болады. Себебі ЕО үнемі Вашингтонға қарайлап келді. Олар Ресей бойынша америкалық позицияны есепке алады. Менің ойымша, Германия, Италия және Франциядағы әріптестерімізге Мәскеумен өзара әрекеттестік бойынша жаңа бастамалар, форматтар ұсыну жеңіл болады", - деп түсіндірді Андрей Кортунов.

Сарашы 2014 жылы жүмысын тоқтатқан Ресей – НАТО кеңесін қайта іске қосуға ықпал етуі мүмкін деп санайды.

Ал ММХҚИ доценті Иван Тимофеев Ресейге қарсы батыстық санкцияларда қандай да бір өзгеріс болмайды деп пайымдады.

"Жақын уақытта ешқандай америкалық санкцияны алып тастамайды. Оған еш себеп жоқ. Бірқатар санкция АҚШ заңнамасында көрініс тапты. Байден оларды "Солтүстік ағын – 2" жобасы секілді тоқтатуы мүмкін, бірақ күшін жоя алмайды. Санкциялар жеңілдетілмейді. Бірақ жаңа қатаң шаралар да енгізілмейді", - деді ол.

0