Полицей формасы

"Кінәлімін": Адам қағып өлтірген полицей апатқа не себеп болғанын айтты - видео

547
(Жаңартылды 15:40 14.06.2021)
Апатты болдырмау үшін көлік жуу орнына қарай бұрылып, байқаусызда алдымда тұрған әйелді қағып кеттім, деп түсіндірді полицей

АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Алматыда қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтірген полицей кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"Мен Төлеутай Бақтияр Алматы қаласы Алатау ауданындағы полиция қызметінде жұмыс істеймін. 2021 жылдың 14 маусымы сағат 6:45 шамасында Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқанымда алдымнан автокөлік солға қарай бұрылмақшы болды. Автокөліктен қашып, апатты болдырмау үшін көлік жуу жаққа қарай бұрылып кеттім. Сол кезде байқаусызда алдымда тұрған әйелді қағып кеттім. Кінәмді толық мойындаймын. Марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - деді полиция қызметкері.

Полиция департаментінің мәліметінше, Бақтияр Төлеутай 1992 жылы туған, ол – Алматы қаласы патрульдік полиция инспекторы.

Айта кетейік, бүгін Алатау ауданында таңғы сағат жеті шамасында жол апаты болып, полицей көлігі әйелді қағып кетті. Әйел апат орнына жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Алматыда полицей қызметтік көлігімен әйелді қағып кетті

Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.   

547
Архивтегі форто

Көкшетауда қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген сауналардың әкімшісі ұсталды

10
(Жаңартылды 21:46 24.09.2021)
Олар облыс орталығында 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған  

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында қыздарды жезөкшелікке жеккен екі сауна анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Өңірде 19 қыркүйекте басталған "Стоп-трафик" республикалық арнайы операциясы аясында полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 5 қылмысты ашты (оның екеуі жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу қылмысы).

Мысалы, 21 және 23 қыркүйек күндері облыс орталығында полицейлер 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған екі саунаның әкімшілерін ұстады. Олар кінәсін мойындады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетері, бұл баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар 19 қыркүйекте жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды, ол жергілікті тұрғынның материалдық жағдайын пайдаланып, жезөкшелікпен айналысуға тартқан.  

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 308-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз:

 

10
Шаңды дауыл, маска киген әйел, архивтегі сурет

Сабақ онлайнға ауысты: Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды видео

2985
Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда полиция күшейтілген жұмыс режиміне ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданын шаңды дауыл басты. Табиғаттың тосын мінезінен оқушылардың сабағы онлайн болды, ал жүргізушілерге жолда сақ болу керектігі ескертілді.

Бұл туралы жергілікті "Лада" басылымы аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Тұрғындар шаңды дауылдың видеосын әлеуметтік желіде таратып жатыр.

Ауа райының күрт нашарлауы салдарынан күндізгі ауысымда оқитын 8451 оқушы мектепке бара алмады.

"Мектеп оқушыларының сабағы онлайн форматқа ауыстырылды. Оқушылардың үйден шықпауын қадағалауыңызды сұраймыз. Қолайсыз ауа райына байланысты аудан аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолдарда полиция экипажы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты", - деді Бейнеу ауданының әкімдігі.

Оқи отырыңыз: 

2985
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, шаңды дауыл, видео, ауа райы қолайсыздығы