Өңірлер

Құлсарыда ту ұстап шыққан жігіттерге айыппұл салынды – полиция себебін түсіндірді

© Sputnik / Болат ШайхиновФлаг Казахстана
Флаг Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Жазылу
Құлсары қаласының орталық көшесімен жүріп өткен автокөлік қауіпсіздік шарасын сақтамаған, деп атап өтті полиция

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Атырау облысында жүріп келе жатқан көліктен денесін шығарғаны үшін екі жігітке және жүргізушіге айыппұл салынды. Олар ту ұстап жүрген, деп хабарлады Polisia.kz.

Желіде көлік капотына мінген ақтөбелік жасөспірімдердің видеосы тарады

Ресми мәліметке сәйкес, 13 маусым күні Құлсары қаласының орталық көшесімен жүріп өткен автокөлік қауіпсіздік шарасын сақтамаған. Осы сәт Жылыой аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығының камерасына түсіп қалыпты. Видеодан екі жігіттің көлік терезесінен сыртқа шығып, мемлекеттік туды ұстап келе жатқанын көруге болады. Осылайша көлік жүргізушісі де, екі жолаушы да жол жүру ережесін бұзған.

"Патрульдік полиция қызметкерлері аталған көлік жүргізушісіне және екі жолаушыға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593 және 619-баптары бойынша әкімшілік хаттама  толтырды", - дейді полицейлер.

Айта кетейік, 593-бап (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 5-10 АЕК (14 585 – 29 170 теңге) көлемінде айыппұл, ал 619-бапта (Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу) 20-50 АЕК (58 340 – 145 850 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеу жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0