Өңірлер

Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды

CC0 / / Дети на берегу
Дети на берегу - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Жазылу
Қайғылы оқиға Келес ауданы Абай ауылында орын алған

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik.Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды, деп жазды аймақтық Otyrar басылымы.

Қайғылы оқиға Келес ауданы Абай ауылында орын алған. Бүлдіршін 13-ші маусым күні кешқұрым уақытта белгісіз жағдайда жоғалып кетіпті.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында тауда жоғалған тағы бір студенттің денесі табылды

Куәгерлер 2015 жылы туған баланы соңғы рет канал маңында ойнап жүргенде көрген екен.

"Аудандық төтенше жағдай бөліміне хабарласып, арнайы судан құтқару жасағы шақыртылған. 15 маусым күні таңғы сағат 9:45-те баланың денесі табылып, судан шығарылған. Бүгінгі таңда орын алып жатқан жағдайлардың негізгі себептері рұқсат етілмеген жерлерде шомылу және балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуы", - дейді Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев.

3 күнге созылған іздеу нәтижесінде құтқарушылар баланың денесін Ошақты каналынан тауып, мәйітті судан шығарды.

Жаңалықтар
0