Өңірлер

Тараздағы әйелдер төбелесі видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Жоомарт УраимовЖенская драка, архивное фото
Женская драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Жедел іздестіру шаралары барысында 33 жастағы екі әйел ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Тараз қаласындағы дәмханада әйелдер төбелесіп қалды. Осы оқиғадан кейін дәмхана иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, дәмхананың жазғы алаңында отырған екі әйел облыс орталығының екі тұрғынына жабылып, соққыға жыққан. Осыдан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел іздестіру шаралары барысында 33 жастағы екі әйел ұсталды. Екеуі де өз кінәсін мойындады. Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-тармағы (Бұзақылық, адамдар тобы жасаған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді

Бұдан бөлек, дәмхана иесіне қатысты әкімішілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді. Барлық материал санитарлық эпидемиологиялық қызметіне тапсырылды.

Жаңалықтар
0