Өңірлер

Ұрлық жасаған: "Nur Otan" партиясының атынан сайланған депутат ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель чиновника, архивное фото
Портфель чиновника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Қазір 43 жастағы күдікті үйқамақта отыр. Ол өткен жылдың маусым-қазан айларында жанар-жағармай ұрлап, сатумен айналысқан

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Атырау облыстық мәслихатының депутаты аса ірі көлемдегі ұрлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлады Хабар 24.

"Атырау жүк тасымалы" мекемесіне қарасты Мақат локомотив пайдалану депосында басшылық қызметте болған лауазымды тұлға құны 20 миллион теңге тұратын 120 тонна жанар-жағар майды қолды қылды деп айыпталып отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, 22 адамнан тұратын қылмыстық топ өткен жылдың маусым-қазан айларында Мақат стансасындағы теміржол қазандарынан жанар-жағармай ұрлап, сатумен айналысқан.

"Кім екенімді білесің бе?": экс-депутаттың ерсі қылығы видеоға түсіп қалды 

Қазір 43 жастағы күдікті үйқамақта отыр. Ол өткен сайлауда "Nur Otan" партиясы атынан облыстық маслихатқа депутат болып сайланған.

Жаңалықтар
0