Қару

Жамбыл облысында жас жігіт 5 адамға оқ атты

752
20-24 жас аралығындағы бес жігіт бытыралы оқтан жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Жамбыл облысында атыс кезінде бес адам жараланды.

Ооқиға 15 маусымда болды, деп жазды Polisia.kz. Полицияға Сарысу аудандық орталық ауруханасынан 20, 22, және 24 жастағы бес тұрғынның бытыралы оқтан жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқи отырыңыз: Шахтинск дәмханасында жаппай төбелес болып, үш адам оқ жарақатын алды 

Анықталғандай, жанжал кезінде ер адам жәбірленушілерге оқ атқан.

Полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады және қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

752
Деньги, тенге, купюры, банкноты

Вакцина алған атыраулықтар 3 миллион теңгеден ұтып алды

65
"Вакциналауға қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ал!" акциясы Азаматтық альянстың бастамасымен қолға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Атырау облысында "Вакциналауға қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ал!" акциясының кезекті ұтысы өтті, деп хабарлады ATPress.kz сайты.

3 миллион теңгенің алғашқы сертификаты Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Айман Жармұхамбетоваға табысталды.

"Айман Жармұхамбетова 30 шілде күні емханада "Спутник-V" вакцинасының бірінші компонентін салдырған. Тура үш күннен кейін оған қуанышты хабар келді. Ол акция аясында жеңімпаз атанды", - дейді ұйымдастырушылар.

Ал екінші ақшалай сертификатты Ақкөл ауылының тұрғыны Насипулла Гарифов ұтып алды. Ол дәрігерлік емханада көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ол да "Спутник-V" вакцинасын салдырған. Бірінші дозасын 11 шілде күні алса, екіншісін 29 шілдеде салдырды.

Айта кетері, "Вакциналауға қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ал!" акциясы Азаматтық альянстың бастамасымен қолға алынды. Ұтыс тікелей эфир арқылы "Саѕріап News" арнасында көрсетіліп тұрады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға вакцинаның 8 миллион дозасы жеткізіледі

 

65
Кілт сөздер:
вакцина, Атырау, ұтыс
Тақырып бойынша
Полиция жалған вакцина паспортын сатып алған 200 адамды іздестіріп жатыр
Вакцина салдырған науқастардың саны 6 мыңнан асты
Цой: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і – вакцина салдырмағандар
Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында үлестірілетін жүлделер саны артты
Бассейн

Алматы полициясы бассейндегі жыныстық қатынасқа қатысты шағымды тексерді видео

4237
(Жаңартылды 20:40 04.08.2021)
Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары ролик кейіпкерінің кешірім сұраған видеосын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Алматылық полицейлер жігіт пен қыздың бассейнде жыныстық қатынасқа түскені жайлы тұрғындардың шағымын тексерді.  

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшіліктің ашуын келтірген. 

Тәртіп сақшылары бұл фактіні тексеріп, тәртіп бұзушыларды ұстады. Олар бассейнде жыныстық қатынасқа түскенін жоққа шығарып отыр. Соған қарамастан жігіт ерсі қылығы үшін халықтан кешірім сұрады.

Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов Instagram парақшасында ролик кейіпкерінің видеосын жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

 

4237
Қазақстан құрамасы Токиодағы Олимпиада стадионында

Қазақстан Олимпиада трансляциясына қанша ақша жұмсады

0
Құқық иесі трансляция бағасын төмендетуге Олимпиада ойындары басталардан бір күн бұрын келіскен

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Олимпиада ойындарын трансляциялауға қанша қаражат жұмсалғанын хабарлады.

Бұл мәліметтерді министрлік "Ақ Жол" демократиялық фракциясының депутаттық сауалына жауап ретінде жариялады.

Олимпиада ойындарының көрсетіліміне жапонның Dentsu Inc компаниясы және оның Орталық Азиядағы өкілі – шведтің Silver spring media компаниясы жауап береді.

"2018 жылдың 16 қарашасында аталған компаниялар 2021 және 2022 жылғы Олимпиада ойындарын жалпы сомасы 15 миллион долларға (техникалық шығындарды қоспағанда) сатып алуды ұсынды", - деп хабарлады ақпарат министрлігі.

2021 жылдың ақпанында "Қазақстан" РТРК"АҚ мен "Хабар" агенттігі" АҚ Silver spring media және Dentsu Inc-ке Токиодағы XXXII Олимпиада ойындары мен Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарын трансляциялауға байланысты бағасын ұсынуды және өткен кезеңдегідей 5,1 миллион долларға шарт жасасу мүмкіндігін қарастыруды сұрап хат жолдаған.

Айта кетері, 2016 және 2018 жылдардағы Олимпиада ойындарын көрсетуге техникалық шығындарды қосқанда 5,1 миллион доллар кеткен.

"Алайда компания бұл ұсынысты елемей, хатты жауапсыз қалдырды", - деді министрлік.

Алайда құқық иелерімен келіссөздер жалғасқан. Олимпиада ойындары басталардың алдында ғана олар бағаны төмендетуге келіскен.

"2021 жылдың 23 шілдесінде Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарын және Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарын техникалық шығындарды ескере отырып, жалпы сомасы 6,25 миллион долларға трансляциялауға лицензиялық құқықты сатып алу туралы келісімге қол қойылды", - деп нақтылады министрлік.

Осыған байланысты қазақстандықтар спортшы Елдос Сметовтың алаңға шыққанын отандық телеарна арқылы көре алмады.

"Құқық иелері тиісті техникалық талаптарды беруден бас тартты, бұл тікелей эфир үшін техникалық трактілер жүргізуге мүмкіндік бермеді. Трансляция сынақ режимінде бұрын тексерілмегендіктен, спутниктік сигналдардың жиілігі мен форматы сәйкес келмеді. Осыған байланысты кеш қосылып, техникалық себептерге байланысты қазақстандық спортшы Елдос Сметовтің белдесуі "Хабар" телеарнасының эфирінде жоспарланған уақытта көрсетілмеді", - деп түсіндірді министрлік.

Кейін Сметовтің ойыны жазба күйінде көрсетілді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, 24 шілде кешке ведомство құқық иелерімен және мемлекеттік телеарналармен бірлесіп барлық техникалық мәселені реттеген. Содан кейін трансляция арқылы қазақстандық спортшылардың өнері кедергісіз көрсетіліп келеді.

0
Тақырып:
Токио Олимпиадасы