Өңірлер

Ақтөбе облысында көлік ішінде ойнаған балалардың екеуі де қайтыс болды

CC0 / / Рука ребенка в дверном отверстии
Рука ребенка в дверном отверстии - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2021
Жазылу
Қайғылы жағдай Әйтеке би ауданында болған

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында көлік өртеніп, бір отбасының екі баласы қайтыс болды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қайғылы жағдай Әйтеке би ауданында болған. Ағайындылар бұзылып, аулада тұрған көлік ішінде ойнаған. Кенеттен ескі көлік отқа оранып, 3 жастағы інісі тірідей жанып кетті. Оның 7 жастағы ағасы өртенген көліктен шыққанымен, 4-ші дәрежедегі күйік алған. Жедел ауруханаға жеткізіліпті. Аудандық аурухананың дәрігерлері мен Ақтөбеден келген мамандар бүлдіршіннің өмірі үшін күрескенмен, құтқарып қалу мүмкін болмады.

Оқи отырыңыз: Алматы-Қорғас жолында жантүршігерлік оқиға: көлікте отырған екі адам тірідей жанып кетті

Денесін 80 пайызға дейін күйік шалуына байланысты өте ауыр жағдайда Әйтеке би аудандық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде жан сақтау бөлімінде реанимациялық көмек көрсетілді.

"Қаладан медициналық авиациядан құрамында реаниматолог-анестезолог және комбустиолог, травматолог дәрігер жолданды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке орай көрсетілген емнің нәтижесі болмай, бала қайтыс болды", - деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құштаева.

Өрттің шығу себептері, әзір белгісіз. Оны мамандар анықтауда. Жалпы жыл басынан бері аймақта 160-тан астам өрт болған. Оның салдарынан 5 адам қаза болды.

Жаңалықтар
0