Өңірлер

"Масқара": Шымкентте ашынған жанкүйерлердің стадиондағы әрекеті видеоға түсіп қалды

© Photo : ФК "Ордабасы""Ордабасы" клубы
Ордабасы клубы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2021
Жазылу
Оқиға "Ордабасы" - "Ақтөбе" матчынан кейін болды, бұл кездесуде шымкенттік команда қарсыласынан 0-1 есебімен жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желілерде наразы жанкүйерлердің видеосы тарады. Автордың айтуынша, ролик  "Ордабасы" мен  "Ақтөбе" матчынан кейін түсірілген.

Видео астында жазылғандай, кадрлар Шымкент стадионының маңында түсірілген. Жанкүйерлер "Ордабасы" басшылығынан әңгімелесуге шығуын талап етіп, клуб автобусының жолын бөгеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Спорт Шрёдингера (@sportilinet)

Бұл іске құқық қорғау органдарының араласуына тура келді. Жағдай бейбіт жолмен реттелді: клуб басшылығы наразы жанкүйерлермен сөйлесіп, жақын арада баспасөз мәслихатын өткізуге уәде етті.

"Ордабасы" – "Ақтөбе" матчы 18 маусым кешке Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті. 0:1 есебімен ақтөбелік команда жеңді.

Шымкенттік клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында қолданушылар матчтың нәтижесіне көңілі толмағанын білдірген. "Масқара", "Клубты жабыңдар", "Қарауға бет жоқ", "Шымкент әкімін ақшаны оңды-солды шашқаны үшін отставкаға жіберу керек", "Мұндай хәлде Қазақстан кубогы үшін қалай таласасыңдар?, - деп жазды ашынған фанаттар.

Шымкент қаласының спорт басқармасы жағдайға түсініктеме берді.

"Өкінішке қарай тұрғындардың сүйікті командасы жеңілгенде мұндай жағдайлар болып тұрады. Мұндай әр елде болуы мүмкін, біздің елде де болды. Біздің команда тартысты бәсекеде жеңіліске ұшырады, осыған байланысты жанкүйерлер ашуланып, спортшылардың шығуына кедергі келтірді", - деді Sputnik Қазақстанға басқармадағылар.

Ведомствоның ақпаратынша, қазіргі таңда жағдай реттелді. Футболшылар өзін жақсы сезінеді, келесі жарыстарға дайындалып жатыр.

Футболдан Қазақстан чемпионатының 15 турының қорытындысы бойынша шымкенттік "Ордабасы" 21 ұпаймен алтыншы орында келе жатыр. Клуб 22 маусымда өтетін матчта елордалық "Астанамен" ойнайды.

Жаңалықтар
0