Полицей және жеңіл жәрдем автокөлігі, иллюстративті фото

Тағы бір жантүршігерлік жол апаты: Түркістан облысында 7 адам мерт болды

2328
Екі көлік соқтығысып, жеті адам оқиға орнында қайтыс болды, біреуі жансақтау бөліміне жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым - Sputnik. Түркістан облысында полиция 7 адамның өмірін қиған жол апатына байланысты тергеу бастады.

Қайғылы оқиға Созақ ауданындағы Екпінді мен Бірлік ауылдарының арасында болды. Таңертеңгі сағат 11 шамасында екі көлік - "Лада Приора" мен Фольксваген Гольф соқтығысты.

Салдарынан Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындары - екі жүргізуші, сондай-ақ олардың бес жолаушысы қайтыс болды, деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның батысында екі мектеп директоры жол апатынан қаза болды

Тағы бір зардап шеккен адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауда.

2328
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, қайтыс болды, жол апаты
Тақырып бойынша
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан жеті адам көз жұмды
Алматыда полицей қызметтік көлігімен әйелді қағып кетті
Қақ бөлінген: Степногор маңында жеңіл көлік автобуспен соқтығысты – видео
Бес метр жерге ұшырды: полицейдің қатысы бар жол апаты туралы куәгерлер айтып берді
Ақтөбеде әйел жол апатынан көз жұмды: полиция куәгерлерді іздеп жатыр
Атырау облысында жеңіл көлік пен автобустың соқтығысуынан үш адам қаза болды
Архивтегі фото

Шымкентте ене мен келін ковидтен бір күнде қайтыс болды құрсақтағы бала аман қалды

530
Егде жастағы әжей той-томалаққа барып індет жұқтырған. Кейін үйіндегі аяғы ауыр келінінен де қауіпті індет анықталған

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Шымкентте бір үйде тұратын екі әйел коронавирустан көз жұмды, деп хабарлады Otyrar.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Пазыловтың сөзінше, егде жастағы әжей той-томалаққа барып індет жұқтырған.

Кейін үйіндегі аяғы ауыр келінінен де қауіпті індет анықталыпты. Емханаға екеуі де қиын жағдайда түскен, дейді қаланың бас дәрігері. Ақ халаттылар келіншектің баласын аман алып қалды.

"Енесі тойда коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен. Артынша аяғы ауыр келіні ауруханаға жатқызылды. Екеуі де вакцина салдырмаған. 1 күнде қайтыс болады. Баласын аман алып қалдық", - дейді Бақытжан Пазылов.

Айта кетейік, өткен тәулікте Шымкентте 18 адам коронавирустан көз жұмды. Мамандар індеттен қайтыс болғандардың вирусты той-томалақтан жұқтырғанын айтады.

530
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Портфель, архивтегі фото

"Мен сізді аяймын, апа": Маңғыстауда әкім тойға келген қонақтардың алдынан шықты видео

2991
Шенеунік той тойлауға келген әжейге бір күнде 14 адам өлгенін, қазір 1400 адам ауруханада жатқанын жеткізіп, карантинді сақтауды өтінді  

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамханаға тойға келген қонақтарды қарсы алып, үйге кері қайтуын сұрады, деп жазды Lada.kz.

Мұнайлы ауданында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантиндік шаралар енгізілгеніне қарамастан, жауапсыз тұрғындар той өткізбек болды.

Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамхана алдында қонақтарды қарсы алды. Шенеунік көлікте отырған әжейге карантинді сақтау қажеттігін түсіндіріп жатқанда рейд қызметкерлері осы сәтті видеоға түсіріп алыпты.

"Мен сізді аяймын, апа. Бүгін облыста 14 адам өлді. Құдай сақтанғанды сақтайды. Қазір 1400 адам ауруханада жатыр. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтіңіз, келін, балаларыңызды, мына кішкентай сәбиді ойлаңыз", – деді әкім өтпей қалған тойдың қонақтарының біріне.

2991
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0