Өңірлер

Қызылорда облысында каналдан жоғалған қыздың денесі табылды

CC0 / Iva Balk / Спиннер в руках у девушки
Спиннер в руках у девушки - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
13 жастағы қызды іздеу жұмыстары сенбі басталды, жексенбі күндіз оның денесі суару каналынан табылды

АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Қызылорда облысы Махамбетов ауылындағы каналдан қыздың денесі табылды, деп хабарлайды облыстың төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

19 маусымда Қызылордада 2008 жылы туған қыздың үйден кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарлама тарады. Полиция, құтқарушылар мен еріктілер жоғалған қызды іздей бастады.

Қойшы тауып алған: бір топ еркек алып қашқан бойжеткен өлі табылды - видео

20 маусым сағат 13.30-да құтқарушылар Махамбетов ауылындағы Шіркейлі суару каналынан қыздың денесін алып шықты.

Жасөспірімді іздестіруге төтенше жағдай департаменті қызметкерлері мен арнайы құралдары (11 құтқарушы, екі кинологиялық есеп, екі техника, үш суда іздеуде арналған көлік), полиция қызметкерлері (жеке құрамның 180 адамы және 30 техника, ІІМ №5547 әскери бөлімінен 100 адам) және 10 волонтер тартылды.

Жаңалықтар
0