Өңірлер

Екібастұзда жол сақшылары тоқтатқан көлік жүргізушісі жансақтау бөліміне түсті

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2021
Жазылу
Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа деңгейде. Неврология бөлімінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Екібастұзда жол сақшылары тоқтатқан көлік жүргізушісі жансақтау бөлімінен бірақ шықты, деп хабарлады "Астана" телеарнасы. Бұған жүргізушінің құзырлы орган өкілдеріне бағынбай қарсылық көрсетуі себеп болған. Өйткені, жүргізуші көлікпен жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткен. Оны байқаған жол сақшылары көлікті тоқтатқан.

Тексеру барысында жүргізушінің өзімен бірге ешқандай құжатының болмағаны анықталды. Бірақ, бұған қарсылық танытқан қала тұрғыны оқиға орнына жолдасын шақырған. Полиция көлікті айып тұрағына алып кетпек болғанда, 61 жастағы тұрғынның кенеттен қан қысымы көтеріліп, инсульт алған.

"Екібастұз ауруханасына 1961 жылы туылған азамат жеткізілген болатын. Бірінші беттен алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Реанимация бөліміне жатқызылған. Қазіргі уақытта жағдайы орташа деңгейде. Неврология бөлімінде жатыр", - деді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Тәртіп сақшылары өздеріне бағынбай қарсылық танытқан күйеуі мен әйеліне үш бап бойынша әкімшілік іс қозғады. Ал жүргізушінің туыстары әлеуметтік желіге полицейлер оны қысымға алып, инсульт алуға мәжбүрледі деп жазған болатын. Бірақ, тәртіп сақшылары оны жоққа шығарып отыр.

Оқи отырыңыз: Қостанайда көлік жүргізушісіне 2 миллион теңгенің айыппұлы салынды

"Тексеру барысында көлік жүргізушісі өзін дөрекі ұстап, әйелі де тәртіп сақшыларына былапыт сөздер айтты. Әрі өз кінәларын мойындағылары келмеді. Сондықтан, жүргізушінің әйеліне бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды. Ал оның жолдасына жол ережесін бұзғаны үшін 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал билік өкіліне бағынбағаны үшін іс сотқа жолданды", - дейді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жаңалықтар
0