Өңірлер

Атырау облысында полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды

© AFP 2024 / Rodger BoschАрхивное фото мужчины, закрывшего лицо руками
Архивное фото мужчины, закрывшего лицо руками - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Жазылу
Оқиға Исатай ауданының Жанбай ауылында болған

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Ер адам өңеш тамырларын кесіп үлгерді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Оқиға Исатай ауданының Жанбай ауылында болған. Белгісіз ер адам полицияға қоңырау шалып, оның туысы өзіне қол жұмсамақшы болғанын айтты.

Полиция жедел түрде аталған мекенжайға жетті.

Олар келген сәтте жеке үйдің ауласында ер адам көктамыры мен өңеш тамырларын кесіп жатқан. Біреу жақындаса, өзіне қол саламын деді.

"Біз шұғыл шешім қабылдадық. 53 жастағы ауыл тұрғыны өзіне қол саламын деп қорқытып, денесін жарақаттай бастады. Әріптестерім учаскелік инспекторлар Ринат Қуанышев пен Есенгелді Зайнов оның назарын аударған кезде, мен оның артынан жайлап барып, пышақты тартып алдым. Бұл өте қауіпті әрекет болды, бірақ ең бастысы, біз оның өмірін сақтап қалдық. Біз өз әрекетімізді ерлік деп санамаймыз. Ант бере отырып, халыққа адал қызмет етіп, оларды қорғаймыз деп уәде бердік", - деді Исатай ауданы Жанбай ауылдық полиция бөлімінің бастығы Ринат Қарасартов.

Құқық қорғау органының өкілдері жарақат алған азаматты қызметтік көлікпен аудандық ауруханаға жеткізді.

Жаңалықтар
0