Иллюстративті фото

Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға тыйым салу мерзімін ұзартты

95
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға мораторийді ұзартатын түзетулерге қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға мораторийді ұзартатын түзетулерге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп хабарлады Қазақстан президентінің ресми сайты.  

Жаңа түзетулерге сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Қазақстан азаматтарына жекеменшікке беру туралы Жер кодексінің нормаларын қолдануға мораторий 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Жерді Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер қатыспаған заңды тұлғалар ғана 49 жылға жалға ала алады, ауылшаруашылық жерлері қосалқы жалгерлікке берілмейді.

Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру туралы заң Тоқаевқа жіберілді

Сонымен қатар, заңда конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің шекті мөлшері белгіленген. Конкурсқа ірі учаскелерді шығаруға тыйым салынады.

Заңның негізгі жаңалықтарын мына жерден оқи аласыз.

95
Портфель, архивтегі фото

"Мен сізді аяймын, апа": Маңғыстауда әкім тойға келген қонақтардың алдынан шықты видео

228
Шенеунік той тойлауға келген әжейге бір күнде 14 адам өлгенін, қазір 1400 адам ауруханада жатқанын жеткізіп, карантинді сақтауды өтінді  

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамханаға тойға келген қонақтарды қарсы алып, үйге кері қайтуын сұрады, деп жазды Lada.kz.

Мұнайлы ауданында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантиндік шаралар енгізілгеніне қарамастан, жауапсыз тұрғындар той өткізбек болды.

Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамхана алдында қонақтарды қарсы алды. Шенеунік көлікте отырған әжейге карантинді сақтау қажеттігін түсіндіріп жатқанда рейд қызметкерлері осы сәтті видеоға түсіріп алыпты.

"Мен сізді аяймын, апа. Бүгін облыста 14 адам өлді. Құдай сақтанғанды сақтайды. Қазір 1400 адам ауруханада жатыр. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтіңіз, келін, балаларыңызды, мына кішкентай сәбиді ойлаңыз", – деді әкім өтпей қалған тойдың қонақтарының біріне.

228
Арест подозреваемого в убийстве женщины, найденной в Битцевском парке

Видеоға түсірген: Қарағандыда балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адам ұсталды

963
Ашық ақпарат көздерін зерделеу кезінде бірнеше баланың фотосы табылды, деп атап өтті полицейлер

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қарағанды қаласында жас балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адам ұсталды, деп жазды Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 54 жастағы ер адам азғындық әрекет жасап қана қоймай, бәрін видеоға түсіріп, интернетте таратқан.

Ішкі істер министрлігінің киберқылмыспен күрес орталығы шетелдік әріптестерінен белгісіз біреу Қазақстан аумағынан "TOR" жабық желісі арқылы жас балаларға азғындық жасау видеоларын таратып жатқаны туралы ақпарат алған. Орталық мамандары видеороликті жан-жақты зерттеп, бірнеше баланың фотосын тапқан. Олар видеороликте жүрген балаларға ұқсас болып шықты.

Шұғыл шаралар барысында кәмелеттік жасқа толмаған 2007 жылғы және 2009 жылғы балалар анықталды. Екеуі де Қарағанды облысының тұрғыны. Әкесінің тұратын жері белгісіз. Ал анасы былтыр қайтыс болған. Содан бері екі бала Қарағанды қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.

"Екі баланың анасы тірі кезінде олардың үйіне бір танысы келіп жүрген. Ер адам әйелге үй шаруасына көмектескен. Бір күні балалардың анасы үйде болмағанда ол қыз бен ұлды азғындық әрекет жасауға көндірген. Бұл әрекетті бірнеше рет қайталаған. Соның бәрін смартфонға түсіріп жүріпті. Анасы ештеңе білмеген", - дейді полицейлер.

ІІМ криминалдық полиция департаменті облыстық полициямен бірлесе отырып, жас балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адамды тапты. Ол Қарағанды қаласындағы коммуналдық кәсіпорынның жұмысшысы болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Ал тінту кезінде смартфон тәркіленді. Соның ішінде барлық видео сақталған.

Күдікті қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде зардап шеккен басқа да адамдар анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Оралда өгей қызын зорлаған педофилдің анасы кінәні келініне жапты

 

963
Кілт сөздер:
педофил, Қарағанды, видео
Тақырып бойынша
32 педофил бостандыққа шығады – депутат алаңдаушылық білдірді
Маңғыстау облысында педофил өмір бойына сотталды
Қарағанды облысында көз жұмған жігіттің әкесі оқиға қалай болғанын айтты
Әлеуметтік желіде жарияланған шағымнан соң Қарағандыдағы түрме тексерілді