Балалар, көрнекі фото

Алматы облысында жасөспірім мен кішкентай қыз суға батып кетті

8121
14 жасар жасөспірім мен бес жасар қыз шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға батып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik. Екі күнде Алматы маңында екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Бірінші жағдай Іле ауданындағы Қозөзен ауылының маңында болды. 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды.

Екінші жағдай Қапшағайда орын алды. Үлкендердің қарауынсыз қалған бес жасар қыз суға батып кетті.

Қайғылы жағдай жүзуге рұқсат етілмеген жағажайларда болды, деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар департаменті.

Шомылу маусымы басталғалы бері Алматы облысында 10 адам суға батып кетті, оның үшеуі балалар.

Оқи отырыңыз: Немересін құтқарып қалды: Солтүстік Қазақстанда 70 жастағы ер адам көз жұмды

Құтқарушылар азаматтардан жағажайда балаларды бақылап судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

8121
Кілт сөздер:
Алматы облысы, суға батты, суға кету
Архивтегі фото

Жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен әкелі-балалы жолаушылар көз жұмды

46
Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан әкелі-балалы көз жұмды. Трагедия жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен болған.

36 жастағы ер адам мен 10 жасар ұлы Lada Granta көлігінде жолаушы болып отырған, деп хабарлады КТК.

Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кетеді. Қатты соққының салдарынан әкесі мен баласы сол арада тіл тартпай кетті. Ал Lada иесі ауруханаға жеткізілді.

Ақтауда жол апаты адам өмірін қиды: көлік ішінде түсірілген видео жарияланды

Howo-ны 34 жастағы жігіт тізгіндеген. Мәліметтерге қарағанда ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке жол бермей солға бұрып жіберген. Оқиғаның анық-қанығын полиция тергеп жатыр.   

46
Бақытжан Сағынтаев

Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

89
(Жаңартылды 21:48 28.07.2021)
Қала басшысы алматылықтар мен қала қонақтарын КВИ екпесін алып, сақтық пен жауапкершілік танытуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, КВИ індетінің асқынғанын хабарлады.

Әкім вирустың таралуына қарсы тұру үшін қалалықтарды белсенді түрде вакцина салдыруға шақырды.

КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал соңғы аптада айтарлықтай нашарлады. 23 шілдеден бастап күн сайын мыңнан астам науқас тіркеліп жатыр.   

Апта ішінде науқастар саны 1,2 есеге өсті – 5483 жағдайдан 6818-ге дейін, тәуліктік өсім 1,3%-ті құрады. Симптомды науқастардың үлес салмағы баяулап, 90% деңгейінде қалды.

27 шілдедегі мәлімет бойынша Алматы қаласында вакцинаның I компонентін халықтың 49,9%, II компонентін 33,6%-і алды. Алайда бұл COVID-19 "дельта" нұсқасынан туындаған эпидемияның кезекті толқынын тұрақтандыру үшін әлі де жеткіліксіз.

Сонымен қатар, соңғы 2 аптадағы жас құрамыны талдау мынаны көрсетеді: 1 жасқа дейінгі балалардың дертке шалдығу көрсеткіші 0,3%-ке артып, 2,8% болды. Өткен аптада 135 бала дертке шалдықса, қазір олардың саны 178 балаға артты. КВИ дерті 20-дан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында – 38%, 40-59 жаста – 25% және 60 жастан асқан адамдарда - 20%.

Осыған орай Сағынтаев алматылықтар мен қала қонақтарын КВИ екпесін алып, сақтық пен жауапкершілік танытуға шақырды.  

89
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Қамшыбек Қоңқабаев

Токио Олимпиадасы: 29 шілдеде қазақстандықтар қандай жарыстарға қатысады

0
(Жаңартылды 09:18 29.07.2021)
Теннисші Елена Рыбакина финалға шығу үшін маңызды ойын өткізеді. Сонымен қатар бүгін еліміздің туын көтеріп шыққан Қамшыбек Қоңқабаев жұдырықтасады

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Олимпиадада қазақстандықтардың қатысуымен өтетін жарыстардың кестесін ұсынамыз.

8.30-да су полосынан Қазақстан - Испания матчы басталды (ерлер, топтық кезең).

8.40-та академиялық ескек есу басталды, оған біздің Владислав Яковлев қатысып жатыр.

12.00-де Елена Рыбакина әлемнің 12-ракеткасымен финалға шығу үшін күш сынасады.  

14.15-те боксшы Әбілхан Аманқұлдың  жекпе-жегі өтеді (1/8 финал, 75 келіге дейін).

15.51-де рингке ту ұстаушы Қамшыбек Қоңқабаев шығады (91 келіден жоғары).

14.18-де Ильфат Абдуллин садақ атудан өнер көрсетеді.

0
Кілт сөздер:
матчтар кестесі, олимпиада
Тақырып:
Токио Олимпиадасы