Тор, көрнекі фото

Ұрып-соғып, қорқытқан: Маңғыстауда құлдықта болған 59 жастағы азамат босатылды

440
Оқиға Бейнеу ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik. Маңғыстау облысында шаруа қожалығының иесі 59 жастағы азаматты 3 ай бойы құлдықта ұстағаны анықталды. Оқиға Бейнеу ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған.

Кәсіпкер жәбірленушіні наурыз айынан бастап қорқытып, ауыр жұмыстарға жеккен. Ұрып-соғып, бір тиын жалақы төлемеген.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында 58 жастағы шетелдік бір жыл бойы құлдықта болған

Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Егер кінәсі дәлелденсе, шаруа иесі 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.    

"Бейнеу ауданы полиция бөлімінің криминалды полиция қызметкерлері "Стоп-трафик" жедел іс-шарасын өткізу барысында бас бостандығынан заңсыз айыру фактісін анықтады. Тұрғынның айтуынша, С. есімді ер адам оған қатысты күш қолданған" - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникация бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Айғаным Рахметова.

Аталған факті қылмыстық кодекстің 126-бабы 3 -бөлігіне сәйкес Бейнеу аудандық полиция бөлімінде тіркелген.

440
Кілт сөздер:
құлдық, Маңғыстау облысы
Құжатқа қол қою

Облыс бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты не өзгерді

35
(Жаңартылды 11:32 04.08.2021)
Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін ашық болады

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Соған сәйкес, сұлулық салондары, шаштараз және косметологиялық қызмет көрсететін нысандар алдын ала жазылу бойынша сағат 09:00-17:00 аралығында жұмыс істейді. Ashyq жобасына қосылған нысандар жұмыс күндері сағат 07:00-20:00 аралығында, толтырылуы 50% болып жұмыс істейді.

Облыстағы жабық базарлар жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін ашық болады. Ashyq жобасына қосылған базарлар жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін, "Лидер" мәртебесі бар қатысушылар сағат 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі қызметіне тыйым салынған.

Банк, ХҚКО, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді, сенбі және жексенбі жұмысына тыйым салынған. Aqshyq жобасына сәйкес, ХҚКО жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс күндері  сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді. Алайда нысанның толтырылуы 50%-ке дейін, 30 орыннан аспауы қажет. Ashyq жобасына қосылмаған нысандар сенбі және жексенбі жабылады. Тамақты жеткізу штаттық режимде орындалады.

Ұжымдық және бұқаралық іс-шара өткізуге қатаң тыйым салынған.

Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін ашық болады. Ashyq жобасына қатысатын балалардың ойын-сауық орталықтары жұмыс істейді, қалған жерде жабық болады. Aqshyq жобасына қосылған сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс күндері сағат 07.00-20.00-ге дейін, "Лидер" мәртебесі бар қатысушылар сағат 07.00-22.00 аралығында жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі жабылады.

Ashyq жобасына қосылмаса, қызметіне тыйым салынатын нысандар:

  • Театр, кинотеатр, концерт залдары, филармония;
  • Боулинг клубтары;
  • Мәдениет нысандары;
  • Бильярд;
  • Караоке;
  • Көрмелер;
  • Цирктер.

Бұл нысандар Ashyq жобасына қосылған жағдайда жұмыс күндері 07.00-20.00-ге дейін, "Лидер" мәртебесі бар қатысушылар сағат 07.00-22.00 аралығында жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі жабылады.

Қаулының толық мәтіні мен нысандар тізімін мына жерден көруге болады. Құжат бүгіннен бастап күшіне енеді.

35
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, дәрігер
Тақырып бойынша
Цой тамыз-қыркүйектегі эпидемиологиялық ахуалға болжам жасады
"Жағдай нашарлады": Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 600 мыңнан асты
Түркістан облысы COVID-19 таралуы бойынша "жасыл" аймаққа енді
Бір тәулікте 149 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды
Гүл, архивтегі сурет

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды

62
(Жаңартылды 10:13 04.08.2021)
58 жастағы Ұлан Жазылбек Жамбыл облысы әкімдігінде өнеркәсіп пен кәсіпкерлік бағытына жетекшілік етті. Бұл қызметке былтыр мамыр айында кіріскен болатын

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды. Ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

58 жастағы Ұлан Жазылбек Жамбыл облысы әкімдігінде өнеркәсіп пен кәсіпкерлік бағытына жетекшілік етті.

Ұлан Жазылбек былтыр мамырдан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Оның алдында 2017 жылдың қарашасынан бастап Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 

Оған дейін Ұлан Жазылбек ұлттық экономика, өңірлік даму министрліктерінің құрылымында жұмыс істеген. 

2009-2011 жылдары "Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АҚ департаментінің директоры, "Қорғас-сервис" ЖШС құрылыс бөлімінің бастығы болды.

БАҚ-тың хабарлауынша, Ұлан Жазылбектің өліміне коронавирус себеп болған.

62
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі дүниеден өтті
Қазақстанның бұрынғы бас мүфтиі өмірден озды
Белгілі дәрігер Қуаныш Маскеев өмірден озды
Төрт бала жетім қалды: ерлі-зайыпты ковидтік пневмониядан қайтыс болды
Ұлын 10 жылдан кейін көрген әйел төрт күннен соң қайтыс болды
Ешкі, архивтегі сурет

Ер адам бес бірдей ешкіні мотоцикліне мінгізіп алды желіде тараған видео

0
(Жаңартылды 11:53 04.08.2021)
Облыс тұрғыны төрт түлікті тасымалдаудың тың әдісін ойлап тапты. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алды 

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында бес бірдей ешкіні мотоциклге байлап тасымалдаған ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Yk-News сайтына сілтеме жасап.  

Куәгерлер мотоцикл мінген ер адамды түсірген. Ол екі жағына төрт ешкіні байлаған. Сосын тағы бір үй жануарын беліне орап алыпты. Сөйтіп, төрт түлікті көшемен тасымалдаған. Мотоциклдің мемлекеттік тіркеу нөмірі көрінбейді. Бір ешкінің тұмсығы жерге тиіп келеді.

Қазнетте осы видеоны қызу талқыға салды. Көбісі мотоцикл жүргізушісі. жануарларға қатыгездік танытқаны үшін сынға алды. Енді, біреулер бұл әрекетке түсінікпен қарау керек деп отыр. Себебі малды тасымалдауға да аз ақша кетпейді. "Ер адам уақытты үнемдеп, бәрін бір рейспен апарып тастауды жөн көрген ғой", - дейді тағы бір қолданушы. Адамдар видеоның Мақаншыда түсірілгенін жазып жатыр. 

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Ресми мәліметке сәйкес,  мотоцикл жүргізушісі ұсталды. Оған бірнеше бап бойынша айыппұл салынды. 

"2 тамыз күні Үржар ауданының 35 жастағы тұрғынына қатысты бірнеше әкімшілік хаттама рәсімделді. Соның ішінде көлік құралын куәліксіз және мемлекеттік тіркеу нөмірсіз жүргізу, сондай-ақ, мотошлемді қолдану ережелерін сақтамау сияқты тәртіп бұзушылықтар бар", - дейді полицейлер.  

Полицияның ақпарат бойынша үй жануарлары тірі болған. Оларға қатыгездікпен қарау мәселесі қаралып жатқан жоқ.

 

0
Кілт сөздер:
ешкі, видео, мотоцикл, ШҚО
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды неге кранмен көтергенін айтты – видео
Алматы облысында полиция көшедегі адамдарға шабуылдаған сиырды атып тастады
Алматы облысында бір отар қой пойыз астына түсті – фото
Ешкі бағып жүріп, есінен танған: жерлеу рәсімінде күтпеген оқиға болды
Павлодар облысында әкім бір жылда 125 кітап оқыған балаға ешкі сыйлады