Өңірлер

Қазақстанның тағы бір облысында карантин күшейтілді

© Sputnik / Владислав ВодневҚала тұрғындары
Қала тұрғындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2021
Жазылу
Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері өңірдегі шектеу шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізді

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Атырау облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Құжат 5 шілде күшіне енеді.

Қалада карантин күшейтіледі:

  • Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-і қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылады. Соңғы үш айда коронавируспен ауырып шыққан және медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі компонентін алған қызметкерлерге жұмысқа барып істеуге рұқсат етіледі.
  • Азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс күндері 10:00-ден 19:00-ге дейін істейді.
  • Банктер, пошта, ХҚКО-лар жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал сенбі 13:00-ге дейін ашық, жексенбі күні жұмыс істемейді.
  • Ashyq жобасына қосылмаған қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері 07:00-ден 20:00-ге дейін істейді, демалыс күндері жабылады.
  • Ashyq-қа қосылған қоғамдық тамақтану нысандары (соның ішінде банкет залдары) 07:00-ден 22:00-ге дейін ашық болады, ұжымдық шараларға тыйым салынған.
  • Сұлулық салондары, шаштараз жұмыс күндері 09:00-ден 19:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша, Ashyq-қа қосылғандарға қатысты емес) істейді.
  • Спорт кешендері, фитнес орталықтар жұмыс күндері 07:00-ден 22:00-ге дейін істейді. Демалыс күндері жабық болады (Ashyq қатысушылары 24:00-ге дейін).

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр. Өткен тәулікте 154 адамның індетке шалдыққаны анықталды.

Жаңалықтар
0