Өңірлер

Облыстардың бірінде карантин күшейтілді

© Sputnik / Владислав ВодневЗрительный зал
Зрительный зал  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2021
Жазылу
Вакцина салдырмаған қызметкерлер 7 күнде бір рет ПТР тестілеуден өтуге міндеттеледі. Қаулы 2021 жылдың 7 шілдесінде күшіне енеді

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері өңірде карантинді күшейту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаулыға сәйкес Ashyq жобасын іске асыру ауқымы кеңейтіледі, бұл фитнес клубтарға, СПА-орталықтарға, сауналарға, бассейндерге, компьютерлік клубтарға, боулинг клубтарына, кинотеатрларға, театрлар мен филармонияларға, қоғамдық тамақтану нысандарына, жазғы алаңдарға, бильярд, концерт залдарына, облысаралық және қалалық тұрақты емес тасымалдарға, караоке, көрмелер, марафондар, лотерея клубтарына, балаларға арналған ойын-сауық орталықтарына, қонақ үйлер, цирк, әуежайлар мен теміржол вокзалдарына және тағы басқа нысандарға қатысты.

Оқи отырыңыз: Жаппай локдаун енгізілуі мүмкін – ДДҰ 

Сондай-ақ, қоғамдық іс-шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар және т.б. өткізуге тыйым салынады. Букмекерлік кеңселердің жұмысы да тоқтатылады.

Қоғамдық көлікте, таксиде, әуежай мен аялдамада санитарлық-дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілуге тиіс.

Бетпе-бет режимде жиналыс өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ вакцина алмаған қызметкерлер үшін бетпе-бет режимде жұмыс істеуге шектеу енгізіледі. Бұл шектеулер халыққа қызмет көрсету нысандарына, көтерме және бөлшек сауда нысандарына, мәдениет және бос уақытты өткізу нысандарына, жолаушылар тасымалымен айналысатын нысандарға, білім беру ұйымдарына, қоғамдық тамақтану, дәрігерлер, дәріханалар, қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарға, демалыс орындарына, байланыс және телекоммуникация және тағы басқа нысандарға қолданылады.

Вакцина салдырмаған қызметкерлер 7 күнде бір рет ПТР тестілеуден өтуге міндеттеледі. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады. Құжат 2021 жылдың 7 шілдесінде сағат 07:00-де күшіне енеді.

Жаңалықтар
0