Полицей және жедел жәрдем автокөлігі

Павлодарда 38 жастағы ер адам жұмыс орнында ажал құшты

1442
Жұмысшы трансформаторды жөндеп жатқан кезде тоқ соғып оқиға орнында мерт болды

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде - Sputnik. Желіні жөндеп жатқан павлодарлық жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің жұмысшысын тоқ соқты. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

7 шілде күні сағат 13:54-те Павлодар қаласындағы ЖШС-нің бірінің аумағында трансформатордағы жұмыстарды орындау кезінде 38 жастағы жұмысшыны  тоқ соқты. Оқиға салдарынан ол сол жерде қайтыс болды. Сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Ақтауда шам бағанын ұстаған бала тоқ соғып мерт болды

Экструзиялық желі - трансформаторды қамтитын пластмассадан бөлшектерді (құбырлар, пластикалық пленкалар және басқа да бұйымдар) жасауға арналған жабдықтар жиынтығы.

1442
Кілт сөздер:
жұмысшы, Павлодар, қайтыс болды
Полицей формасы, архивтегі фото

Павлодарда бірден 200 адам полиция бөліміне жеткізілді

564
Рестобарлардың бірі санитарлық талаптарға қарамастан істеп тұрған. Барда шамамен 200 адам болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Павлодар қаласында санитарлық-эпидемиологиялық талапты бұзған ойын-сауық орнынан бірден 200 адам полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Атап айтқанда, 24  шілде күні Абай көшесінде орналасқан рестобарлардың бірі санитарлық талаптарға қарамастан істеп тұрған. Барда шамамен 200 адам болған. Барлығын орталық полиция бөліміне жеткізді. Ал келесі күні мониторингтік топ дәл сол барда тағы 40 адамның жиналғанын анықтады. Олардың ішінде кәмелет жасқа толмаған бала да болды.

"Түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде жасөспірім жүрді. Осыған байланысты бардың әкімшісі құқық бұзушылық туралы кодекстің 132-бабы бойынша жауапқа тартылды. Оған сәйкес, жеке тұлғалар 10 АЕК (29 170 теңге), шағын кәсіпкерлік нысандар - 15 АЕК (43 700 теңге), ал орта бизнес өкілдері екі есе артық айыппұл төлеуге міндеттеледі", - дейді полицейлер.

Бұдан бөлек, ойын-сауық мекемесінің иесін әкімшілік жауапқа тарту үшін барлық материал санитарларға жіберілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу) бойынша жеке тұлғаларға 30 АЕК (87 510 теңге), лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік нысандарына - 230 АЕК (670 910 теңге), орта бизнес өкілдеріне - 310 АЕК  (904 270 теңге), ал ірі  кәсіпкерлерге 1600 АЕК (4 667 200 теңге) көлемінде айыппұл салу жазасы қарастырылған.

564
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Архивтегі фото

Алматыда пәтер тонауды кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды

428
Пәтер тонаушылар қолма-қол ақша, шағын тұрмыстық техника,  әшекей секілді құнды заттардың бәрін алып кетіп отырған  

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Алматыда үш ер адам өзгенің пәтеріне кіріп, құнды заттарды ұрлауды кәсіп еткен. Қазірге дейін олардың 5 қылмысы әшкереленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, қаскөйлер аула аралап, көпқабатты үйлердің терезесі мен кіреберісін бақылаған.

Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов қаскөйлер жұмыс күндері, адамдар жұмыста болған кезде әрекет еткенін айтты.

"Олар кілт таңдау арқылы есікті ашып, құнды заттардың бәрін алып шыққан. Бұл қолма-қол ақша, шағын тұрмыстық техника және түрлі әшекейлер. Екеуі үйді тонап жатқанда, үшіншісі көлікте отырып, қауіпсіздікті бақылаған", - дейді Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта үшеуі де ұсталды.

Соңғы рет қаладағы бір пәтерден алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған. Шығынның жалпы көлемі – миллион теңге. Қолға түскен кезде ұсталғандар заттай айғақтан құтылып үлгермеген. Олар тұтқындау кезінде тәркіленді. Қазір қылмыстық үштік уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі ("ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицияның хабарлауынша, ұсталғандардың барлығы Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Үшеуі де осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

428
Қасым-Жомарт Тоқаев KazRost Engineering Ltd. компаниясына барды

Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады Тоқаев

6
(Жаңартылды 14:44 27.07.2021)
Қазақстан өзін ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ету қажет, деп атап өтті президент

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "KazRost Engineering Ltd." компаниясына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президентінің Ақмола облысына жұмыс сапары ресейлік "Ростсельмаш" компаниясымен арадағы ынтымақтастық аясында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндарын құрастыратын "KazRost Engineering Ltd." кәсіпорнының жұмысымен танысудан басталды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлар құрастыратын цехты аралап көрді.

Компания директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, былтыр 29,5 миллиард теңгеге 504 комбайн шығарылған. Биыл жыл соңына дейін 598 комбайн және YTO маркалы 300 дөңгелекті трактордың төрт түрін шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кәсіпорында 162 адам еңбек етеді.

Мемлекет басшысы компанияның шығарып жатқан өнімі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тың жерлер үшін маңызды екенін атап өтті.

"Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау біз үшін басым бағыт саналады. Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады. Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ бұл оңай емес. Аталған мәселелерді шешеміз. Әрине, Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс. Біз іс жүзінде өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Қазір ірі компаниялармен және инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз", – деді президент.

6
Кілт сөздер:
азық-түлік, Қасым-Жомарт Тоқаев