Мемлекеттік қызметшілер

СҚО-да 225 адам ауыл әкімі қызметі үшін сайлауға түседі

53
Сайлау облыстың 218 елді мекенінде өтеді. Науқанға 174 учаскелік сайлау комиссиясы тартылады деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында 25 шілдеде 70 ауыл округі мен аудандың маңызы бар бір қала – Мамлют әкімін сайлайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәлімет бойынша, өңірде барлығы 13 ауыл, аудандық маңызы бар төрт қала және 190 ауылдық округ бар. Алайда осы жолы сайлау төрт жылдық өкілет мерзімі аяқталған және өз қызметін мерзімінен бұрын бітірген ауыл округтері әкімдерінің арасында өтеді.

"Енді аудандық комиссия тұрақты жұмыс істейді. Егер ауыл округіндегі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталса немесе ол қызметтен кету туралы шешім қабылдаса, бір айдың ішінде сайлау комиссиясы сол ауылдық округінің әкімін сайлау өткізеді", - деді Солтүстік Қазақстан облысы сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сергей Калинин.

Оның айтуынша, сайлау 25 шілдеде облыстағы 218 елді мекенде өтеді. Науқанға 174 учаскелік сайлау комиссиясы тартылды.

Облыста ауылдық округ әкімі қызметіне кандидаттарды ұсыну 26 маусымда басталды. 8 шілдедегі соңғы мәлімет бойынша, 225 үміткер өз кандидатурасын ұсынды. Оның ішінде Nur Otan партиясынан – 58, "Ауыл" – 3, "Ақ жол" – 2, "Адал" – 3, Қазақстан халық партиясы – 5 және 154 азамат өзін-өзі ұсынған.

"Кез келген адам өзін-өзі сайлауға қатысушы кандидат ретінде ұсына алады. Бірақ осы округтегі сайлаушылар даусының 1%-інің келісімін алуы керек. Егер тіркеу аяқталған кезде тізімде тек бір ғана адам болса, ал сайлау тек дауыс беру арқылы өтетіндіктен, аудан әкімі тағы екі кандидатураны ұсынуға құқылы. Сайлауда жеңу үшін басым дауысқа ие болу қажет. Егер үш кандидат болса, кім көп дауыс жинайды, сол ауылдық округ әкімі болады" – деп түсіндірді Сергей Калинин.

Әрбір кандидатқа өзінің сайлауалды бағдарламасын әзірлеу және ұсыну үшін 220 мың теңге беріледі. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл әкімдерінің сайлауына республикалық бюджеттен 190 миллион теңге бөлінеді. Бұл соманың 70%-і сайлау комиссиясы мүшелеріне жалақы төлеу үшін жұмсалады.

53
Кілт сөздер:
СҚО, ауыл, әкім, сайлау
Тақырып бойынша
"Ханның қызысыз ба?": Әбдіқалықова желіде тараған видеоға түсініктеме берді  
"Қасиетті су ғой": әкім Алакөлде не себепті ПТР-тест сұралмайтынын түсіндірді
Көлігімен алып кетіп, өлгенше ұрған: Ақмола облысында экс-әкімге үкім шықты
Басылымда жарияланған мақаладан кейін екі әкім жұмыстан шығарылды
Былтыр 7 әкім қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Деньги, тенге, купюры, банкноты

Вакцина алған атыраулықтар 3 миллион теңгеден ұтып алды

48
"Вакциналауға қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ал!" акциясы Азаматтық альянстың бастамасымен қолға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Атырау облысында "Вакциналауға қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ал!" акциясының кезекті ұтысы өтті, деп хабарлады ATPress.kz сайты.

3 миллион теңгенің алғашқы сертификаты Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Айман Жармұхамбетоваға табысталды.

"Айман Жармұхамбетова 30 шілде күні емханада "Спутник-V" вакцинасының бірінші компонентін салдырған. Тура үш күннен кейін оған қуанышты хабар келді. Ол акция аясында жеңімпаз атанды", - дейді ұйымдастырушылар.

Ал екінші ақшалай сертификатты Ақкөл ауылының тұрғыны Насипулла Гарифов ұтып алды. Ол дәрігерлік емханада көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ол да "Спутник-V" вакцинасын салдырған. Бірінші дозасын 11 шілде күні алса, екіншісін 29 шілдеде салдырды.

Айта кетері, "Вакциналауға қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ал!" акциясы Азаматтық альянстың бастамасымен қолға алынды. Ұтыс тікелей эфир арқылы "Саѕріап News" арнасында көрсетіліп тұрады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға вакцинаның 8 миллион дозасы жеткізіледі

 

48
Кілт сөздер:
вакцина, Атырау, ұтыс
Тақырып бойынша
Полиция жалған вакцина паспортын сатып алған 200 адамды іздестіріп жатыр
Вакцина салдырған науқастардың саны 6 мыңнан асты
Цой: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і – вакцина салдырмағандар
Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында үлестірілетін жүлделер саны артты
Бассейн

Алматы полициясы бассейндегі жыныстық қатынасқа қатысты шағымды тексерді видео

3381
(Жаңартылды 19:31 04.08.2021)
Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары ролик кейіпкерінің кешірім сұраған видеосын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Алматылық полицейлер жігіт пен қыздың бассейнде жыныстық қатынасқа түскені жайлы тұрғындардың шағымын тексерді.  

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшіліктің ашуын келтірді. 

Тәртіп сақшылары бұл фактіні тексеріп, тәртіп бұзушыларды ұстады. Олар бассейнде жыныстық қатынасқа түскенін жоққа шығарып отыр. Соған қарамастан жігіт ерсі қылығы үшін халықтан кешірім сұрады.

Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов Instagram парақшасында ролик кейіпкерінің видеосын жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

 

3381
Архивтегі фото

Жаңа оқу жылында Ресейге қалай кіруге болады студенттерге арналған ереже түсіндірілді

0
Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі пандемия кезінде елге кіруге қатысты ақпаратты нақтылауға болатын "қауырт желіні" іске қосты

МӘСКЕУ, 4 тамыз – Sputnik. Коронавирус пандемиясы жалғасып жатқанына қарамастан, Ресейде оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте  басталады. Бұл туралы "Россотрудничество" агенттігінде 2021 жылы Ресей жоғары оқу орындарында білім алуға шетел азаматтарын іріктеу науқанының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

"Студенттерді елге кіргізу немесе кіргізбеу біздің құзыретіміздегі шаруа емес. Бірақ біз оқуға түскен шетелдіктердің құқығын қорғаймыз, биліктен кіруге рұқсат беруін сұраймыз, – деп мәлімдеді агенттік басшысы Евгений Примаков. –  Қазір Ресей үкіметінің қаулысымен бекітілген елдердің тізіміндегі азаматтар білім алу үшін елге кіре алады және бұл тізім үнемі өзгеріп отырады".

Әңгіме №636 қаулы туралы болып отыр, ондағы №1 қосымшада қазіргі уақытта Ресейге кіруге рұқсат алған 50 мемлекет көрсетілген, деді Евгений Примаков. Соған қарамастан, егер ел бұл тізімге кірмесе, келу мүмкіндігін жеке талқылауға болады.

"Көптеген жағдайда кіру мәселесін ЖОО қадағалайды, олар өз тарапынан білім және ғылым министрлігінен, үкімет комиссиясынан кіруге рұқсат сұрата алады", - деді Евгений Примаков.

Сондай-ақ, Россотрудничество басшысының айтуынша, Ресей жоғары білім және ғылым министрлігінің жанынан студенттерге арналған "қауырт желісі" бар жағдаяттық орталық жұмыс істейді: +7 (495) 198-00-00. Бұл телефон нөмірі арқылы әр елдің азаматтарына кіру ережесін нақтылауға болады.

Медициналық талаптар баршаға ортақ болып қала береді: студент Ресейге келгенге дейін 3 күнтізбелік күннің ішінде коронавирусқа ПТР тест тапсыруы керек. Теріс тест нәтижесі туралы құжат орыс немесе ағылшын тілінде басылуға тиіс. Ресейге келгеннен кейін студент тағы ПТР тест тапсырып, нәтиже шыққанға дейін өзін-өзі оқшаулауы керек. Егер студент келгенде оқу жылы басталып кетсе, ол ПТР нәтижесі алынғанға дейін сабаққа тек онлайн форматта қатыса алады.

Студенттерді вакциналауға және вакциналау туралы шетелдік сертификаттарды тануға келетін болсақ, бұл мәселені қазір Ресей денсаулық сақтау министрлігі пысықтап жатыр, деді Евгений Примаков.

"Вакциналау және шетелдік вакциналарды тану мәселесін қазір Ресей денсаулық сақтау министрлігі пысықтап жатыр. Яғни, біз жігіттерге не егілгенін анықтауымыз керек. Pfizer, AstraZeneca және тағы басқа вакциналардың біздің шекарадан өтуге жарамдылығы мәселесін денсаулық сақтау министрлігі шешуі керек", - деді ол.  

0