Дәрігер, көрнекі фото

Мәйіттер ауысып кеткен: өз әкесінің орнына басқаны жерлей жаздады

837
(Жаңартылды 08:13 09.07.2021)
Медицина мекемесінің қызметкерлері марқұмның мәйітін басқа біреумен шатастырып, Таразға ұшақпен салып жіберген

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Елордада көпсалалы медицина орталығындағы қателіктің кесірінен қайғыда жүрген балалары өз әкесінің орнына басқа біреудің денесін жерлей жаздады. Медицина мекемесінің қызметкерлері марқұмның мәйітін басқа біреумен шатастырып, Таразға ұшақпен салып жіберген, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

"Ашсақ, басқа бір адам. Інісі болған, сол көрді. Екі баласы көрді. Мен көрдім, ол емес боп шықты. Бейнесі біраз ұқсайды. Ал енді қалғаны қайда десек, олар айтпайды. "Жоқ, осы" дейді. Өзіне әкеп бұрынғы суретпен салыстырдық, міне, мына адам, мынандай болатын дедік. Анада мең бар, мынада мең жоқ дегеннен кейін бұлар қипылықтай бастады. Таразға кетіп қалды деді", - деп түсіндірді марқұмның туысы Кәкен Жантайұлы.

Бүгін таңертең Таразға кетіп қалған марқұмның денесі түс ауа ұшақпен елордаға қайта жеткізілді. Әкелген бойы балалары мен туыстары әуежайдан көлікке салып жерлеуге алып кетті. Айтуларынша, жетпіс жастағы кісі екі апта бойы коронавируспен ауырып, ақыры беті бері қарамай о дүниеге аттанған. Дәрігерлер жағдайды былай баяндайды: екі мәйіт кеше инфекциялық ауруханадан жеткізілген.

Кеше кешке екі мәйіттің бірінің баласы келіп, 63 жастағы әкесін танып, Таразға әкететін болған. Сол тәртіппен бүгін таңертең сол мәйіт Таразға жіберілген. Алайда Таразда жерленуі тиіс болған кісінің баласы жағдайды басқаша түсіндірді. Айтуынша, кеше өзі келіп әкесінің денесі қайсы екенін көрсетіп кеткен. Осы былықтың кесірінен өз әкесінің денесі Таразға бүгін кешке жеткізілейін деп тұр. Сондықтан дәрігерлерді салғырттығы үшін сотқа беруге бекінген. Ақ халаттылар кінәсін мойындап, марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрады. Сондай-ақ шатасқан мәйітті Тараздан қайтарып әкелу шығынын да өз қалтасынан төлеген.

Оқи отырыңыз: Құлпытаста QR-код болады: мүфтият зират көтеру мәдениетін бір жүйеге келтірмек - видео

"Зертханашы мәйіттің бетін ашып көрсетіп сұраған баласынан: "Сіздің әкеңіз бе?" деп сұраған. Ол: "Иә, менің әкем" деген. Одан кейін рәсім қызметімен бірге келді дейді. Мырыш табытқа салып алып кетті дейді. Одан кейін екінші мәйітке баласы таңертең келген. Туыстарымен. Олар ашып қараған кезде мәйіт бөтен болып шыққан. Сол екеуінің орны ауысып кеткен", - деді Нұр-Сұлтан қаласы көпсалалы медицина орталығы директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Бақтыбай Оразбеков.

837
Кілт сөздер:
коронавирус, жерлеу
Арест подозреваемого в убийстве женщины, найденной в Битцевском парке

Видеоға түсірген: Қарағандыда балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адам ұсталды

925
Ашық ақпарат көздерін зерделеу кезінде бірнеше баланың фотосы табылды, деп атап өтті полицейлер

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қарағанды қаласында жас балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адам ұсталды, деп жазды Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 54 жастағы ер адам азғындық әрекет жасап қана қоймай, бәрін видеоға түсіріп, интернетте таратқан.

Ішкі істер министрлігінің киберқылмыспен күрес орталығы шетелдік әріптестерінен белгісіз біреу Қазақстан аумағынан "TOR" жабық желісі арқылы жас балаларға азғындық жасау видеоларын таратып жатқаны туралы ақпарат алған. Орталық мамандары видеороликті жан-жақты зерттеп, бірнеше баланың фотосын тапқан. Олар видеороликте жүрген балаларға ұқсас болып шықты.

Шұғыл шаралар барысында кәмелеттік жасқа толмаған 2007 жылғы және 2009 жылғы балалар анықталды. Екеуі де Қарағанды облысының тұрғыны. Әкесінің тұратын жері белгісіз. Ал анасы былтыр қайтыс болған. Содан бері екі бала Қарағанды қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.

"Екі баланың анасы тірі кезінде олардың үйіне бір танысы келіп жүрген. Ер адам әйелге үй шаруасына көмектескен. Бір күні балалардың анасы үйде болмағанда ол қыз бен ұлды азғындық әрекет жасауға көндірген. Бұл әрекетті бірнеше рет қайталаған. Соның бәрін смартфонға түсіріп жүріпті. Анасы ештеңе білмеген", - дейді полицейлер.

ІІМ криминалдық полиция департаменті облыстық полициямен бірлесе отырып, жас балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адамды тапты. Ол Қарағанды қаласындағы коммуналдық кәсіпорынның жұмысшысы болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Ал тінту кезінде смартфон тәркіленді. Соның ішінде барлық видео сақталған.

Күдікті қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде зардап шеккен басқа да адамдар анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Оралда өгей қызын зорлаған педофилдің анасы кінәні келініне жапты

 

925
Кілт сөздер:
педофил, Қарағанды, видео
Тақырып бойынша
32 педофил бостандыққа шығады – депутат алаңдаушылық білдірді
Маңғыстау облысында педофил өмір бойына сотталды
Қарағанды облысында көз жұмған жігіттің әкесі оқиға қалай болғанын айтты
Әлеуметтік желіде жарияланған шағымнан соң Қарағандыдағы түрме тексерілді
Алматы, қала келбеті

Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты: не өзгерді

1572
(Жаңартылды 19:21 30.07.2021)
Қалада ойын-сауық, спорт, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатқа сәйкес, орталық мемлекеттік органдар, әкімшілік, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріхана мен қала өмірін қамтамасыз ететін ұйымдарды қоспағанда Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады.

Сондай-ақ байланыссыз қызметтер: автожуу, тұрмыстық техника, сағат, телефон, аяқ-киім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, киім тазалау, кілт дайындау, тұрмыстық қызмет көрсету түрі мен гүл дүкендері, фотосалондар, туристік компания мен бизнес орталықтардың қызметіне рұқсат берілген.

Сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, ақша айырбастау орындары, ломбард, банк, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері жұмыс істейді.

Осы аталған нысандар мен қызмет түрінен басқа ұйымдар 2021 жылдың 2-16 тамыз аралығында жұмыс істемейді, ал Ashyq жобасына қосылғандар сенбі-жексенбі қызметін тоқтатады.

Қалада ойын-сауық, спорт, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Мемлекеттік органдардың, офис, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ін қашықтан жұмыс істеуге жіберуге тиіс. Бұған вакцина салдырғандар мен кейінгі үш айда коронавируспен ауырғандар кірмейді.

Қалада қоғамдық көлік тоқтаусыз жұмыс істейді.

Қаулы 2021 жылдың 2 тамызынан бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін, Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін шектеу туралы шарттарды мына жерден оқуға болады.

1572
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
 Архивтегі фото

Коронавирус пен пневмония тағы 100 адамның өмірін жалмады

0
(Жаңартылды 10:57 31.07.2021)
Елімізде бір тәулікте 7 600-ден астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 330-дан астам науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустан 86, пневмониядан 14 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 шілдедегі жағдай бойынша 95 998 адам (93 366 КВИ + және 2 632 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 27 004 науқас ауруханада, 68 994 науқас амбулаторлық деңгейде емделуде.

"86 адам коронавирустан, 14 адам пневмониядан қайтыс болды. 1 677 науқас ауыр жағдайда, 349 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, 334 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар 29 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 309 адамнан анықталған, 110 адам жазылып шықты.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты 

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы 7 691 адамнан табылды. Көбісі Нұр-Сұлтан (1518) мен Алматыда (1511) тіркелді.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Түркістан облысы.

0
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы