Өңірлер

Ақсудағы полицейдің өлімі: марқұмның туыстары күтпеген мәлімдеме жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинПолицейский автомобиль
Полицейский автомобиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Туыстары қайтыс болған полиция майоры өз-өзіне қол жұмсап, үш баланы жетім қалдыра алады дегенге сенбейді  

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде - Sputnik. Өзіне қол салған полиция қызметкері Аспандияр Айтқазиннің туыстары оның телефонынан қайғылы жағдайдың себебін анықтайтын видеоүндеу тапқанын айтты.

Полиция майоры 5 шілде күні Ақсу қаласы полиция бөлімінің гаражынан өлі күйінде табылды. Майор сол бөлімде басшы орынбасары қызметін атқарған. Алайда барлық ресми есептерде ол ауылдық учаске қызметкері ретінде көрсетілген, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Туыстары оны өлімінен бұрын ауыстыру туралы өтініш жазуға мәжбүрлеуі мүмкін деп болжайды. Олар марқұмның учаскелік полицей болып бір күн де жұмыс істемегенін айтады.

"2021 жылдың басынан бастап менің күйеуіме Ақсу қалалық полиция бөлімінің, сондай-ақ Павлодар облыстық полиция департаменті басшылығы мен орынбасары қоқан-лоққы көрсетіп, қорқытты. Сізден бұл істі жеке бақылауыңызға алуды сұраймын", - деп марқұмның әйелі Мейрамгүл Айтқазина ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді.

Майордың туыстары офицердің өліміне кінәлілер жазаланатынына күмәндануда. Полицейдің отбасы тергеушілер Аспандияр Айтқазиннің қайтыс болар алдында жасаған үндеуі бар телефонды алып қойғанын айтты.

Марқұмның туысы Әсемгүл Смағұлованың айтуынша, ол куәгерлермен бірге телефонға пароль енгізіп, үндеуді көрген. Ол жерде "Егер маған бірдеңе болса, полиция подполковнигі Балғабай Қапаров кінәлі деп біліңіз" деген.

"Бізге видеоның көшірмесін жасауға тыйым салынды, мен бұл видеоны өшіріп тастайды деп қорқамын", - дейді Әсемгүл Смағұлова.

Оқи отырыңыз: Павлодарда полицей өз-өзіне қол салды

Туыстары марқұмның өзіне қол жұмсағанына күмәнданады, Аспандиярдың үш баланы өз еркімен жетім қалдырғанына сене алмайды.

Телеарнаның хабарлауынша, бұл павлодарлық полиция қатарындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың төртінші оқиғасы.

Осы оқиға бойынша облыстық полиция департаменті бұқаралық ақпарат құралдарына түсініктеме беруден бас тартты.

Жаңалықтар
0