Өңірлер

Қазақстанда соңғы 30 жылдағы ең ыстық күн тіркелді

© Sputnik / Владислав ВодневГорожане в центральном парке у реки Ишим
Горожане в центральном парке у реки Ишим - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Қазақстанда 30 жыл бұрын болған рекорд жаңартылды. 29 маусымда елдің батысында ең жоғарғы ауа температурасы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Қазақстанның батысында ауа температурасының рекорды орнатылды. 29 маусым - соңғы 30 жылдағы ең ыстық күн. Батыста сынап бағанасы плюс 45,5 градусты көрсетті, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстандағы аптап ыстық пен қуаңшылық

Синоптиктердің айтуынша, биылғы маусымда ауа температурасының қарама-қайшылығы жиі байқалды. Айдың көп күнінде елдің батыс бөлігі, сондай-ақ республиканың оңтүстік өңірлері субтропикалық ауа массаларының ықпалында болды. Мұндай жағдай аномальді ыстық тудырды. Кей күндері сынап бағанасы +40+46°С белгісіне жетті. Бұл апатты гидрометеорологиялық құбылыс саналады (аномалия 6-9°- құрады).

"Орал метеостанциясында 29 маусымда температура +41,9°С болды. 2015 жылдағы ең жоғарғы мәннен +39,8 градусқа жоғары. Дәл осы күні Аққұдық метеостанциясында +44,4°С тіркелді. Бұл 2018 жылдағыдан жоғары, ол кезде плюс 43,3 градус болған еді. Ал Атырау метеостанциясында 28 маусымда +42,8°С ыстық болып, 2015 жылдағы +39,8°С рекордты жаңартты", - деді Қазгидрометте.

Қаратөбе метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) 29 маусымда ауаның ең жоғары температурасы +45,5°с шегінде тіркелді (1991 жылы тіркелген ауа температурасының көрсеткіші +41,2°С).

Жауын-шашын қайда көп жауды

Солтүстік теңіз аудандарынан келген салқын ауа массаларының ықпалы нәтижесінде елдің шығыс бөлігінде салқын және тұрақсыз ауа-райы басым болып, жаңбыр жауып, екпінді жел 15-28 м/с дейін жетті.

3 маусымда Ақмола облысының Қорғалжын метеостанциясында 53 миллиметр нөсер жаңбыр жауды (бір айдағы норма 34 миллиметр). Алматы облысында диаметрі 22 миллиметр болатын бұршақ жауды. Батыс және оңтүстік өңірлерде шаңды боран тіркеліп, 200-500 метр қашықтыққа дейін айналаны көру мүмкіндігі нашарлады. Мысалы, Қазақстанның солтүстігінде 5-6 маусым аралығында 1-2°С дейін суық байқалды. Бұл аймақта күндіз ауа температурасы +11+19°С шегінде ғана болды.

Нұр-Сұлтандағы ауа райы

Елордада рекорд тіркелген жоқ. Алайда астанадағы ең төменгі ауа температурасы 5 маусымда тіркелді  +2,9°С. Бұл күнгі абсолютті минимум -1,5°С болды (ол 1971 жылы тіркелген). Ал ең жоғары ауа температурасы 2021 жылдың 17 маусымында байқалды. Көрсеткіш - плюс 34,2°С. Бұл күнгі абсолютті максимум 1988 жылы +37,6°с деңгейінде болған.

Бір айда түскен жауын-шашын көлемі 21,4 миллиметр (норманың 58%-і) болды. 37 миллиметр айлық қалыпты норма саналады.

Жаңалықтар
0