Галстук, ер адам

Он бес тәулікке қамауға алынуы тиіс экс-депутат жазасын әлі өтемей жүр

420
Ол денсаулық жағдайына байланысты қамауға алуды екінші рет кейінге қалдыруға өтініш білдірді. Біріншісін сот қанағаттандырған болатын

ПАВЛОДАР, 11 шілде – Sputnik. Мамыр айында медициналық куәландырудан бас тартқан Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Әбішев 15 тәулікке қамауға алынуы тиіс болатын. Ол 8 жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылып, депутат қатарынан шығарылды.  

Енді ол қамаққа алуды кейінге қалдыру туралы сотқа екінші рет өтініш жолдап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Біріншісін 31 мамырда жазып, уақыты бір айға созылған болатын.

"2021 жылдың 7 шілдесінде Әбішевтің адвокатынан 2021 жылдың 21 мамырындағы сот шешімін орындауды кейінге шегеру туралы өтінішхат түсті. Қамаққа алыну Әбішевтің денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін екені жазылған. Ол гастроэнтерологта емделіп, дәрі-дәрмек курсын жалғастыруы тиіс екені айтылып отыр", - делінген Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының хабарламасында. 

Алайда сот қаулыны орындауды бір айдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру керектігін көрсеткен. Сондықтан екінші ретте өтініш қабылданған жоқ.

Экс-депутат оқиғасы

Sputnik Қазақстан хабарлағандай полицейлер 25 мамырда сағат таңғы 5 кезінде Toyota Camry тізгінінде отырған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Әбішевті тоқтатты. Жүргізушіден алкогольдік ішімдік иісі шыққан. Бірақ ол медициналық куәландырудан бас тартты.

Экс-депутат Павлодарского областного маслихата Кайрат Абишев
© Photo : Сайт Павлодарского областного маслихата
Павлодар облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Әбішев

Құқық қорғау қызметкерінің талабын орындамағаны үшін сот оны 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім қабылдады. 

Экс-депутат ота жасағандықтан, бұл жазаны бір айға кейінге қалдырған болатын.

420
Кілт сөздер:
депутат, жаза
Тақырып бойынша
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Nur Otan ұсталған депутатты партия қатарынан шығарып тастады
Депутаттар коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау туралы не ойлайды?
Депутаттар жазғы демалыстан кейін қандай заң жобаларын қарайды
Архивтегі фото

"Ұйықтатамын деп бөлмеге кіргізген": Алматыда педофил сотталды

2
Қаскүнем ішімдік ішіп, үйге кеш келген. Ол қызды өзім ұйықтатамын деген сылтаумен бөлмеге кіргізіп, зорлап тастаған

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған қызға жыныстық зорлық жасаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталушы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталды. Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Бұл оқиға өткен жылдың қараша айында Алматының Наурызбай ауданындағы "Премьера" тұрғын үй кешені үйлерінің бірінде болған.

Қаскүнем ішімдік ішіп, үйге кеш келген. Ол қызды өзім ұйықтатамын деген сылтаумен бөлмеге кіргізіп, зорлап тастаған. Оған ешкім кедергі жасай алмаған.

Тергеу де, сот та бұл іс бойынша жеңілдететін мән-жайларды таба алмады.

Сот жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Б.есімді ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айырды.

2
Деньги, тенге, купюры, банкноты

Вакцина алған атыраулықтар 3 миллион теңгеден ұтып алды

80
"Вакциналауға қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ал!" акциясы Азаматтық альянстың бастамасымен қолға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Атырау облысында "Вакциналауға қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ал!" акциясының кезекті ұтысы өтті, деп хабарлады ATPress.kz сайты.

3 миллион теңгенің алғашқы сертификаты Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Айман Жармұхамбетоваға табысталды.

"Айман Жармұхамбетова 30 шілде күні емханада "Спутник-V" вакцинасының бірінші компонентін салдырған. Тура үш күннен кейін оған қуанышты хабар келді. Ол акция аясында жеңімпаз атанды", - дейді ұйымдастырушылар.

Ал екінші ақшалай сертификатты Ақкөл ауылының тұрғыны Насипулла Гарифов ұтып алды. Ол дәрігерлік емханада көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ол да "Спутник-V" вакцинасын салдырған. Бірінші дозасын 11 шілде күні алса, екіншісін 29 шілдеде салдырды.

Айта кетері, "Вакциналауға қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ал!" акциясы Азаматтық альянстың бастамасымен қолға алынды. Ұтыс тікелей эфир арқылы "Саѕріап News" арнасында көрсетіліп тұрады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға вакцинаның 8 миллион дозасы жеткізіледі

 

80
Кілт сөздер:
вакцина, Атырау, ұтыс
Тақырып бойынша
Полиция жалған вакцина паспортын сатып алған 200 адамды іздестіріп жатыр
Вакцина салдырған науқастардың саны 6 мыңнан асты
Цой: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і – вакцина салдырмағандар
Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында үлестірілетін жүлделер саны артты