Алматы мешіті

Бекшин Алматыда Құрбан айт қалай өтетінін түсіндірді

266
(Жаңартылды 18:47 12.07.2021)
Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл құрбандық шалу рәсімі қалай атқарылатынын түсіндірді. 2021 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен өткізіледі

АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин биыл Құрбан айт кезінде құрбандық шалу рәсімі қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өткен жылы алғаш рет Құрбан айтты онлайн режимде өткіздік. Құрбан шалу және садақа беру онлайн режимде өтті. Былтыр Qurban2020 сайты жұмыс істеді. Сол тәжірибемізге сай, биыл Qurban2021 сайтына садақа және құрбан шалу рәсіміне жұмсалатын қаражат түсіп отырады", - деді Бекшин.

Айтуынша, құрбандыққа шалынатын мал арнайы қасапханада сойылады. Былтыр мал сою пункті Қарасай ауданында бекітілді.

"Былтыр бәрі ұйымдасқан түрде өтті. Дін істері басқармасы, Алматы мүфтиімен бірлесіп, былтырғы тәжірибені талқылаймыз", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

2021 жылы Құрбан айт 20-22 шілде аралығында өтеді. Құрбан айт Ораза айттан 70 күннен кейін басталып, 3 күнге созылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл құрбандық шалу рәсімі қалай атқарылатынын түсіндірді. 2021 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен өткізіледі:

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып құрбан шалу, яғни дәстүрлі жолмен ұйымдастыру;

Өткен жылдың тәжірибесі негізінде www.qurban2021.kz сайты арқылы тапсырыс беріп, онлайн режимде құрбандық шалу.

266
Кілт сөздер:
құрбан айт, Алматы
Тақырып:
Құрбан айт 2021 (17)
Тақырып бойынша
Биыл Қазақстанда Құрбан айт қашан және қалай аталып өтеді
Алматыға Pfizer вакцинасы қашан жеткізіледі
Құрбан айт күні иесінен қашқан бұқаның әрекеті жұртты таңғалдырды – видео   
"Өзімді бақытты сезінемін": Құрбан айт намазына келген шетелдіктер өз әсерімен бөлісті
Он күнде науқастар саны күрт өсті: Алматыда эпидемиологиялық жағдай қандай
Архивтегі фото

Алматыда пәтер тонауды кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды

7
Пәтер тонаушылар қолма-қол ақша, шағын тұрмыстық техника,  әшекей секілді құнды заттардың бәрін алып кетіп отырған  

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Алматыда үш ер адам өзгенің пәтеріне кіріп, құнды заттарды ұрлауды кәсіп еткен. Қазірге дейін олардың 5 қылмысы әшкереленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, қаскөйлер аула аралап, көпқабатты үйлердің терезесі мен кіреберісін бақылаған.

Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов қаскөйлер жұмыс күндері, адамдар жұмыста болған кезде әрекет еткенін айтты.

"Олар кілт таңдау арқылы есікті ашып, құнды заттардың бәрін алып шыққан. Бұл қолма-қол ақша, шағын тұрмыстық техника және түрлі әшекейлер. Екеуі үйді тонап жатқанда, үшіншісі көлікте отырып, қауіпсіздікті бақылаған", - дейді Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта үшеуі де ұсталды.

Соңғы рет қаладағы бір пәтерден алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған. Шығынның жалпы көлемі – миллион теңге. Қолға түскен кезде ұсталғандар заттай айғақтан құтылып үлгермеген. Олар тұтқындау кезінде тәркіленді. Қазір қылмыстық үштік уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі ("ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицияның хабарлауынша, ұсталғандардың барлығы Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Үшеуі де осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

7
Торт, иллюстративті фото

Шымкентте үйлену тойында түсірілген видео жарияланды

87
(Жаңартылды 12:52 27.07.2021)
Карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған тойхана иесі мен той өткізгендерден түсініктеме алынды

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Шымкентте карантинге қарамастан үйлену тойын өткізгендер анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Шымкент полиция департаменті Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері 23 шілде сағат 21:10-да "Париж" тойханасы карантиндік шектеулерді бұзып, үйлену той өткізіп жатқанын анықтады.

Карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған тойхана иесі мен той өткізгендерден түсініктеме алынды.

Құжаттар шара қолдану үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

87
Кілт сөздер:
видео, Шымкент, үйлену тойы