Құжатқа қол қою

Қызылорда облысы Арал ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды

124
(Жаңартылды 09:02 14.07.2021)
Аудан басшысы төтенше жағдайға байланысты қуаңшылық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде — Sputnik. Қуаңшылыққа байланысты Қызылорда облысының Арал ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Аудан басшысы төтенше жағдайға байланысты қуаңшылық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды "Хабар24".

"Бірінші кезекте 8 каналды тазалау жұмыстарын жоспарлап отырмыз. Ол Ақшатау, Қамыстыбас көлдер жүйесін ретке келтіруге септігін тигізеді. Сорадан Бұрмақұлақ тоспасын жасап, іске қосу керек. Қызыл аймақта орналасқан 15 су ұңғыманы қосуды да биыл атқарамыз деп отырмыз. Жанармай шығындарын өтейтін боламыз. Қажетті қаржының барлығы 1 миллиард 936 миллион теңге", - деді Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов.

Әкімнің айтуынша, оның бір бөлігін облыс бөлетін болады, қалғаны республикадан, яғни үкіметтің резервінен сұралады.

Бүгінде шөптің шығымына байланысты ауылдық округтер "қызыл", "сары", "жасыл" аймақтарға бөлінген.  Қыста шамамен 205 мың бас төрт түлік қолда бағылады деп жоспарланған. Оған 184 мың тонна шөп қажет.

Ауданға 2 мың 300 тоннасы ғана жеткізілді. Аудандағы шабындықтардан 36 мың тоннадай шөп дайындалады. Қалған 146 мың тоннасын сырттан тасымалдау жоспарланып отыр. 

Қатты құрғақшылық

Айта кетсек, ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан жем-шөппен қамтамасыз ету және жедел ден қою мәселелерін шешуді үйлестіру үшін республикалық жедел штаб құрылды. Оның құрамына облыс пен аудан әкімдерінің орынбасарлары, Азық-түлік корпорациясы мен Бәйтерек холдингі ұйымдарының басшылары кірді.

Бұған дейін Маңғыстау облысында жылқылар аштан қырылып жатқаны хабарланды. Сондай-ақ Қызылорда облысының Арал ауданында құрғақшылықтан жүздеген ірі қара мал қырылып қалды.

10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы қуаңшылыққа байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер тарапынан тиісті шаралардың қолға алынбағанын ерекше атап өтті.

Президент жүйелі әрі нақты жұмыс атқарылмағанын айтты. Соның кесірінен шаруаларымыз тығырыққа тіреліп отыр. Нақты іс-әрекет пен кері байланыс жоқ, деді Тоқаев. Фермерлер көмек сұрап, тікелей президентке өтініш айтып жатқанын жеткізді. Мемлекет басшысы қуаңшылық табиғи жағдай екенін атап өтті. Алайда оның пікірінше, осындай күрделі кезеңде министрлік бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра алған жоқ.

Сондықтан осы салаға бірден бір жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаров отставкаға кетті.

Үкіметінің қаулысымен Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

124
Тақырып бойынша
Қатты құрғақшылық: Маңғыстау мен Қызылорда облыстары малды солтүстікке жіберіп жатыр
"Ханның қызысыз ба?": Әбдіқалықова желіде тараған видеоға түсініктеме берді  
Министр Сапархан Омаров қызметінен босатылды
Ауыл шаруашылығы министрі міндетін кім атқаратыны белгілі болды
Синоптиктер кей өңірлерде құрғақшылық болатынын ескертті
Арест подозреваемого в убийстве женщины, найденной в Битцевском парке

Видеоға түсірген: Қарағандыда балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адам ұсталды

919
Ашық ақпарат көздерін зерделеу кезінде бірнеше баланың фотосы табылды, деп атап өтті полицейлер

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қарағанды қаласында жас балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адам ұсталды, деп жазды Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 54 жастағы ер адам азғындық әрекет жасап қана қоймай, бәрін видеоға түсіріп, интернетте таратқан.

Ішкі істер министрлігінің киберқылмыспен күрес орталығы шетелдік әріптестерінен белгісіз біреу Қазақстан аумағынан "TOR" жабық желісі арқылы жас балаларға азғындық жасау видеоларын таратып жатқаны туралы ақпарат алған. Орталық мамандары видеороликті жан-жақты зерттеп, бірнеше баланың фотосын тапқан. Олар видеороликте жүрген балаларға ұқсас болып шықты.

Шұғыл шаралар барысында кәмелеттік жасқа толмаған 2007 жылғы және 2009 жылғы балалар анықталды. Екеуі де Қарағанды облысының тұрғыны. Әкесінің тұратын жері белгісіз. Ал анасы былтыр қайтыс болған. Содан бері екі бала Қарағанды қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.

"Екі баланың анасы тірі кезінде олардың үйіне бір танысы келіп жүрген. Ер адам әйелге үй шаруасына көмектескен. Бір күні балалардың анасы үйде болмағанда ол қыз бен ұлды азғындық әрекет жасауға көндірген. Бұл әрекетті бірнеше рет қайталаған. Соның бәрін смартфонға түсіріп жүріпті. Анасы ештеңе білмеген", - дейді полицейлер.

ІІМ криминалдық полиция департаменті облыстық полициямен бірлесе отырып, жас балаларға қатысты азғындық әрекет жасаған ер адамды тапты. Ол Қарағанды қаласындағы коммуналдық кәсіпорынның жұмысшысы болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Ал тінту кезінде смартфон тәркіленді. Соның ішінде барлық видео сақталған.

Күдікті қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде зардап шеккен басқа да адамдар анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Оралда өгей қызын зорлаған педофилдің анасы кінәні келініне жапты

 

919
Кілт сөздер:
педофил, Қарағанды, видео
Тақырып бойынша
32 педофил бостандыққа шығады – депутат алаңдаушылық білдірді
Маңғыстау облысында педофил өмір бойына сотталды
Қарағанды облысында көз жұмған жігіттің әкесі оқиға қалай болғанын айтты
Әлеуметтік желіде жарияланған шағымнан соң Қарағандыдағы түрме тексерілді
Алматы, қала келбеті

Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты: не өзгерді

1542
(Жаңартылды 19:21 30.07.2021)
Қалада ойын-сауық, спорт, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатқа сәйкес, орталық мемлекеттік органдар, әкімшілік, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріхана мен қала өмірін қамтамасыз ететін ұйымдарды қоспағанда Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады.

Сондай-ақ байланыссыз қызметтер: автожуу, тұрмыстық техника, сағат, телефон, аяқ-киім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, киім тазалау, кілт дайындау, тұрмыстық қызмет көрсету түрі мен гүл дүкендері, фотосалондар, туристік компания мен бизнес орталықтардың қызметіне рұқсат берілген.

Сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, ақша айырбастау орындары, ломбард, банк, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері жұмыс істейді.

Осы аталған нысандар мен қызмет түрінен басқа ұйымдар 2021 жылдың 2-16 тамыз аралығында жұмыс істемейді, ал Ashyq жобасына қосылғандар сенбі-жексенбі қызметін тоқтатады.

Қалада ойын-сауық, спорт, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Мемлекеттік органдардың, офис, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ін қашықтан жұмыс істеуге жіберуге тиіс. Бұған вакцина салдырғандар мен кейінгі үш айда коронавируспен ауырғандар кірмейді.

Қалада қоғамдық көлік тоқтаусыз жұмыс істейді.

Қаулы 2021 жылдың 2 тамызынан бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін, Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін шектеу туралы шарттарды мына жерден оқуға болады.

1542
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин

Ресейде "Прометей" С-500 жүйесі сынақтан өтті

0
Ресейдің Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонында жаңа С-500 зенитті зымыран жүйесі сынақтан өткізілді. Зымыран жоғары жылдамдықтағы баллистикалық нысанаға ұшырылып, ол жойылды

Елдің қорғаныс министрлігі атап өткендей, жүргізілген сынақтар арқылы жаңа С-500 зенитті зымыран жүйесінің беріктігі расталды.

Сонымен қатар ведомство С-500 зенитті зымыран жүйесінің әлемде теңдесі жоқ екенін және биіктік пен жылдамдықтың барлық ауқымында әуе-ғарыш шабуылының кез келген нысанына соққы беруге қабілетті екенін атап өтті.

0