Известный казахстанский археолог Зейнолла Самашев (слева)  презентовал главе региона Даниалу Ахметову уникальные находки

"Әлемдік деңгейдегі жаңалық": археологтар Елеке сазы қорғанынан алтын бұйымдар тапты

45
Елеке Сазы алқабындағы қорғанды қазу кезінде тәж тағып тақта отырған қаған император бейнеленген әшекейлер табылған

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Археологтар Шығыс Қазақстаннан жаңа алтын бұйымдар тапты. Ғалымдар бұны "әлемдік жаңалық" деп атады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Елеке Сазы алқабындағы қорғанды қазу кезінде тәж тағып тақта отырған қаған император бейнеленген әшекейлер табылған. Бұл бұйымдар түрік ақсүйектеріне тиесілі болуы мүмкін.  Басқа алтын тәрелкелердің бірінде таққа атқа мінгендей қалыпта отырған қағанның басына үшбасты тәж кигізіліп жатқаны көрінеді. Және уәзірлерінің оған құрмет көрсетіп тұрғаны суреттелген.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе маңынан құнды жәдігерлер табылды

Ал екінші бұйым жартылай сақталған. Сарапшылардың пайымынша, онда билеушінің мұрагер ұлы бейнеленген болуы мүмкін. Ғалымдар барлық бұйымдардың ұсақ бөлшектеріне дейін қалпына келтіру үшін талдау жасап жатыр.

"Біз қайтыс болған қаған-императордың денесін өртейтін жерді тапқан сияқтымыз. Бұл біз үшін өте маңызды. Ежелгі түркі мәдени кешенін зерттеу тарихында алғаш рет осындай бейне түріндегі бұйымдар кезікті.Мұны ұлы тарихи сәт деп атауға болады. Ол ғұрыптық ыдысты ұстап, тақта отыр. Сол қолы сол аяқтың тізесінде. Бұл- әулиелердің іс-қимылы. Бұл -сенсация, әлемдік деңгейдегі тың жаңалық", - деп атап өтті археолог Зейнолла Самашев.

Сондай-ақ оның айтуынша, бұрын мұндай қорымдарды қазу кезінде зергерлік бұйымдардың тек сынықтары ғана табылатын. Бірақ, бұл жолы түркі империясының баға жетпес бұйымдары алғаш рет тұтас, сынбаған күйінде шықты.

45
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, археология
Архивтегі фото

Жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен әкелі-балалы жолаушылар көз жұмды

19
Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан әкелі-балалы көз жұмды. Трагедия жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен болған.

36 жастағы ер адам мен 10 жасар ұлы Lada Granta көлігінде жолаушы болып отырған, деп хабарлады КТК.

Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кетеді. Қатты соққының салдарынан әкесі мен баласы сол арада тіл тартпай кетті. Ал Lada иесі ауруханаға жеткізілді.

Ақтауда жол апаты адам өмірін қиды: көлік ішінде түсірілген видео жарияланды

Howo-ны 34 жастағы жігіт тізгіндеген. Мәліметтерге қарағанда ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке жол бермей солға бұрып жіберген. Оқиғаның анық-қанығын полиция тергеп жатыр.   

19
Бақытжан Сағынтаев

Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

82
(Жаңартылды 21:48 28.07.2021)
Қала басшысы алматылықтар мен қала қонақтарын КВИ екпесін алып, сақтық пен жауапкершілік танытуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, КВИ індетінің асқынғанын хабарлады.

Әкім вирустың таралуына қарсы тұру үшін қалалықтарды белсенді түрде вакцина салдыруға шақырды.

КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал соңғы аптада айтарлықтай нашарлады. 23 шілдеден бастап күн сайын мыңнан астам науқас тіркеліп жатыр.   

Апта ішінде науқастар саны 1,2 есеге өсті – 5483 жағдайдан 6818-ге дейін, тәуліктік өсім 1,3%-ті құрады. Симптомды науқастардың үлес салмағы баяулап, 90% деңгейінде қалды.

27 шілдедегі мәлімет бойынша Алматы қаласында вакцинаның I компонентін халықтың 49,9%, II компонентін 33,6%-і алды. Алайда бұл COVID-19 "дельта" нұсқасынан туындаған эпидемияның кезекті толқынын тұрақтандыру үшін әлі де жеткіліксіз.

Сонымен қатар, соңғы 2 аптадағы жас құрамыны талдау мынаны көрсетеді: 1 жасқа дейінгі балалардың дертке шалдығу көрсеткіші 0,3%-ке артып, 2,8% болды. Өткен аптада 135 бала дертке шалдықса, қазір олардың саны 178 балаға артты. КВИ дерті 20-дан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында – 38%, 40-59 жаста – 25% және 60 жастан асқан адамдарда - 20%.

Осыған орай Сағынтаев алматылықтар мен қала қонақтарын КВИ екпесін алып, сақтық пен жауапкершілік танытуға шақырды.  

82
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина