Өңірлер

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневЛето 2021 в Нур-Султане
Лето 2021 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады

АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Қазақстанда 20-22 шілде аралығында республика бойынша өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады.

21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады.

Батыста ауа температурасы түнде +20...+25℃, күндіз +33...+41℃, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +10...+18℃, күндіз +23...+35℃ болады. Солтүстік-батыста түнде +12...+25℃, күндіз +25...+40℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +10...+21℃, күндіз +25...+35℃, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында  түнде +13...+25°С,  күндіз +30...+40°С болады.

Мегаполистегі ауа райы

Елордада 20 шілдеде күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы +26℃ жылы, түнде +16℃-ты көрсетеді. 

21 шілдеде күн ашық, желдің жылдамдығы – 9 м/с. Күндіз +26℃, түнде +15℃ жылы болады. 22 шілдеде күн ашық болады, күндіз +27℃, түнде +14℃ жылы.

Алматыда 20 шілдеде күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +33℃, түнде +20℃. Желдің жылдамдығы – 9 м/с.

21 шілдеде күн ала бұлтты, күндіз +32℃ жылы, түнде +23℃ жылыны көрсетеді. 22 шілдеде күн ашық, күндіз +32℃, түнде +21℃.

Шымкентте 20 шілде күн ашық, ауа температурасы +37℃, түнде +22℃. 21 және 22 шілдеде де күн ашық болады. Күндіз +35...+37℃, түнде +23℃ жылы болады. Желдің жылдамдығы 9-10 м/с.

 

Жаңалықтар
0