Архивтегі фото

Кілең джип: Маңғыстау тұрғыны тегін шөпті әкетуге келген "байларға" ренжіді видео

3404
(Жаңартылды 20:35 19.07.2021)
Батыс Қазақстан облысында тегін шөпті үлестіру кезінде дүрбелең болды

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Маңғыстауда тегін шөпті әкетуге келген бір топ адамның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Роликтен ауылдықтар елдің басқа өңірлерінен жеткізілген шөпті әкетіп жатқанын көруге болады, деп жазды Лада.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарының қылығы видео авторының ашуын тудырды.  

"Мына халықты қара. Отбасында алты адам болса, соның бәрі алып жатыр. Бала-шағасымен осында жүр. Кілең джиптер, кілең байлар келген. Адамнан көлік көп. Не деген сұмдық!" - дейді автор.

Батыс аймақтарға шөп жіберген жігіт: "Мал қырылып жатқанда, тыныш жата алмадым"

Еске сала кетейік, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында құрғақшылық салдарынан жем-шөп тапшылығы туындады. Ресми мәлімет бойынша, екі өңірде екі мың мал аштықтан өлген. Ауыл шаруашылығы министрі Маңғыстауда жылқының жаппай қырылуына әкімдіктердің шалағай жұмысы себеп болғанын айтты.

3404
Архивтегі фото

"Ұйықтатамын деп бөлмеге кіргізген": Алматыда педофил сотталды

11
Қаскүнем ішімдік ішіп, үйге кеш келген. Ол қызды өзім ұйықтатамын деген сылтаумен бөлмеге кіргізіп, зорлап тастаған

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған қызға жыныстық зорлық жасаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталушы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталды. Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Бұл оқиға өткен жылдың қараша айында Алматының Наурызбай ауданындағы "Премьера" тұрғын үй кешені үйлерінің бірінде болған.

Қаскүнем ішімдік ішіп, үйге кеш келген. Ол қызды өзім ұйықтатамын деген сылтаумен бөлмеге кіргізіп, зорлап тастаған. Оған ешкім кедергі жасай алмаған.

Тергеу де, сот та бұл іс бойынша жеңілдететін мән-жайларды таба алмады.

Сот жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Б.есімді ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айырды.

11
Деньги, тенге, купюры, банкноты

Вакцина алған атыраулықтар 3 миллион теңгеден ұтып алды

81
"Вакциналауға қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ал!" акциясы Азаматтық альянстың бастамасымен қолға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Атырау облысында "Вакциналауға қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ал!" акциясының кезекті ұтысы өтті, деп хабарлады ATPress.kz сайты.

3 миллион теңгенің алғашқы сертификаты Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Айман Жармұхамбетоваға табысталды.

"Айман Жармұхамбетова 30 шілде күні емханада "Спутник-V" вакцинасының бірінші компонентін салдырған. Тура үш күннен кейін оған қуанышты хабар келді. Ол акция аясында жеңімпаз атанды", - дейді ұйымдастырушылар.

Ал екінші ақшалай сертификатты Ақкөл ауылының тұрғыны Насипулла Гарифов ұтып алды. Ол дәрігерлік емханада көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ол да "Спутник-V" вакцинасын салдырған. Бірінші дозасын 11 шілде күні алса, екіншісін 29 шілдеде салдырды.

Айта кетері, "Вакциналауға қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ал!" акциясы Азаматтық альянстың бастамасымен қолға алынды. Ұтыс тікелей эфир арқылы "Саѕріап News" арнасында көрсетіліп тұрады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға вакцинаның 8 миллион дозасы жеткізіледі

 

81
Кілт сөздер:
вакцина, Атырау, ұтыс
Тақырып бойынша
Полиция жалған вакцина паспортын сатып алған 200 адамды іздестіріп жатыр
Вакцина салдырған науқастардың саны 6 мыңнан асты
Цой: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і – вакцина салдырмағандар
Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында үлестірілетін жүлделер саны артты