Врачи работают с оборудованием в палате реанимации больницы с коронавирусом

Коронавирус жұқтырған науқас ауруханадан шығаруды талап етті

161
Махамбет ауданының тұрғыны ем қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартып, үйіне жіберуді талап етіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Атырау облысының Махамбет ауданында тұратын 29 жастағы әйел дәрігерлер Сарыөзектегі инфекциялық ауруханада еркінен тыс ұстап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады "Ақ Жайық".

"Дәрігерлер құжаттарымды тартып алып, мені еркімнен тыс ауруханада ұстап отыр. Мен коронавирус жұқтырған жоқпын, маған "семіздік" диагнозын қойған. Дәрігерлер мен коронавирусқа сенбеймін, мені үйге жіберіңіздер! Жалпы, бұл ауруханадан туыстарыңызды алып кетіңіздер!", - деп жазды әйел әлеуметтік желіде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы инфекциялық ауруханада емделіп жатқан науқас К.Идрисова әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқанын хабарлады.

"Болған жайтты қалалық прокуратураға және барлық жауапты қызметтерге хабарладық. Емделуші К.А.Идрисованың анасы ішке баса көктеп кіріп, дәрігерлердің жұмысына кедергі келтірді. Өзге емделушілердің де мазасын алды. Аурухана дәрігерлері анасына қызының коронавирустан емделіп жатқанын айтса да, құлақ аспаған. Жалған ақпарат таратқаны үшін №2 Атырау облыстық ауруханасының әкімшілігі К.Идрисованы сотқа беруге бекініп отыр", - деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Дәрігерлердің айтуынша, Махамбет ауданының тұрғыны К.А.Идрисова модульді ауруханаға "коронавирус инфекциясының ауыр түрі" диагнозымен түскен. Оның өкпесі қабынған. Науқастың жалпы жағдайы қазір тұрақталды. Есін біледі, ем қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартып, үйіне жіберуді талап етіп отыр.

161
Архивтегі фото

Жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен әкелі-балалы жолаушылар көз жұмды

33
Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан әкелі-балалы көз жұмды. Трагедия жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен болған.

36 жастағы ер адам мен 10 жасар ұлы Lada Granta көлігінде жолаушы болып отырған, деп хабарлады КТК.

Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кетеді. Қатты соққының салдарынан әкесі мен баласы сол арада тіл тартпай кетті. Ал Lada иесі ауруханаға жеткізілді.

Ақтауда жол апаты адам өмірін қиды: көлік ішінде түсірілген видео жарияланды

Howo-ны 34 жастағы жігіт тізгіндеген. Мәліметтерге қарағанда ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке жол бермей солға бұрып жіберген. Оқиғаның анық-қанығын полиция тергеп жатыр.   

33
Бақытжан Сағынтаев

Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

89
(Жаңартылды 21:48 28.07.2021)
Қала басшысы алматылықтар мен қала қонақтарын КВИ екпесін алып, сақтық пен жауапкершілік танытуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, КВИ індетінің асқынғанын хабарлады.

Әкім вирустың таралуына қарсы тұру үшін қалалықтарды белсенді түрде вакцина салдыруға шақырды.

КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал соңғы аптада айтарлықтай нашарлады. 23 шілдеден бастап күн сайын мыңнан астам науқас тіркеліп жатыр.   

Апта ішінде науқастар саны 1,2 есеге өсті – 5483 жағдайдан 6818-ге дейін, тәуліктік өсім 1,3%-ті құрады. Симптомды науқастардың үлес салмағы баяулап, 90% деңгейінде қалды.

27 шілдедегі мәлімет бойынша Алматы қаласында вакцинаның I компонентін халықтың 49,9%, II компонентін 33,6%-і алды. Алайда бұл COVID-19 "дельта" нұсқасынан туындаған эпидемияның кезекті толқынын тұрақтандыру үшін әлі де жеткіліксіз.

Сонымен қатар, соңғы 2 аптадағы жас құрамыны талдау мынаны көрсетеді: 1 жасқа дейінгі балалардың дертке шалдығу көрсеткіші 0,3%-ке артып, 2,8% болды. Өткен аптада 135 бала дертке шалдықса, қазір олардың саны 178 балаға артты. КВИ дерті 20-дан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында – 38%, 40-59 жаста – 25% және 60 жастан асқан адамдарда - 20%.

Осыған орай Сағынтаев алматылықтар мен қала қонақтарын КВИ екпесін алып, сақтық пен жауапкершілік танытуға шақырды.  

89
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Архивтегі фото

Жеті жарым мыңға жуық науқас тіркелді ковид рекорды тағы жаңарды

4
Нұр-Сұлтанда 1 571, Алматыда 1450, Қарағанды ​​облысында 1011 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 479 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 6 925 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1571,
  • Алматы қаласы - 1450,
  • Шымкент қаласы - 445,
  • Ақмола облысы - 238,
  • Ақтөбе облысы - 230,
  • Алматы облысы - 270,
  • Атырау облысы - 424,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 298,
  • Жамбыл облысы - 197,
  • Батыс Қазақстан облысы - 198,
  • Қарағанды облысы - 1011,
  • Қостанай облысы - 224,
  • Қызылорда облысы - 175,
  • Маңғыстау облысы - 220,
  • Павлодар облысы - 251,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 145,
  • Түркістан облысы - 132.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 557 107.

 

4
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы