Архивтегі фото

Тегін азық-түлік және тұрмыстық техника тарататын дүкен ашылды

2083
(Жаңартылды 14:17 21.07.2021)
Дүкенде көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға және жалғызбасты аналарға көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Түркістан облысының Арыс қаласында мұқтаж жандарға арналған әлеуметтік дүкен жұмыс істей бастады.

Жағдайы төмен отбасылар мен көмекке зәру тұрғындарға арналған дүкенде азық-түлік пен киім-кешектен бастап тұрмыстық техника сынды көптеген зат тегін таратылады, деп хабарлады Otyrar.kz.

Оқи отырыңыз: Әулиекөл тұрғындары тегін азық-түлік аламын деп 5 миллион теңге қарыз болып қалды 

Қала тарихында алғаш рет ашылған "Әлеуметтік дүкен" сөз бен мейірімге мұқтаж жандардың қажеттілігін өтеуге себепкер болмақ. Сауда орнының ашылу рәсіміне қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

"Қаламызда алғаш рет іске қосылған бұл дүкен "Қолғабыс" қоғамдық қорының бастамасымен ашылып отыр. Мұнда киім-кешектен бастап, аяқ киім, ойыншық, балаларға арналған арба, ыдыс-аяқ, тұрмыстық техникамен қоса азық-түлік өнімдеріне дейін бар. Жаны жомарт азаматтар табыстаған тұрмысқа қажетті заттарды дүкен қызметкерлері мұқтаж отбасыларға тегін береді", – дейді Гүлжан Құрманбекова.

Ал "Қолғабыс" қоғамдық қорының жетекшісі Сырлыбек Мұсабековтің айтуынша, дүкен есігі көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға және жалғызбасты аналар үшін әрдайым ашық.

Айта кетейік, қала кәсіпкерлері мен қоғам белсенділері атсалысқан игі жоба аясында 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

2083
Кілт сөздер:
азық-түлік
Архивтегі фото

Шымкентте ене мен келін ковидтен бір күнде қайтыс болды құрсақтағы бала аман қалды

788
Егде жастағы әжей той-томалаққа барып індет жұқтырған. Кейін үйіндегі аяғы ауыр келінінен де қауіпті індет анықталған

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Шымкентте бір үйде тұратын екі әйел коронавирустан көз жұмды, деп хабарлады Otyrar.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Пазыловтың сөзінше, егде жастағы әжей той-томалаққа барып індет жұқтырған.

Кейін үйіндегі аяғы ауыр келінінен де қауіпті індет анықталыпты. Емханаға екеуі де қиын жағдайда түскен, дейді қаланың бас дәрігері. Ақ халаттылар келіншектің баласын аман алып қалды.

"Енесі тойда коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен. Артынша аяғы ауыр келіні ауруханаға жатқызылды. Екеуі де вакцина салдырмаған. 1 күнде қайтыс болады. Баласын аман алып қалдық", - дейді Бақытжан Пазылов.

Айта кетейік, өткен тәулікте Шымкентте 18 адам коронавирустан көз жұмды. Мамандар індеттен қайтыс болғандардың вирусты той-томалақтан жұқтырғанын айтады.

788
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Портфель, архивтегі фото

"Мен сізді аяймын, апа": Маңғыстауда әкім тойға келген қонақтардың алдынан шықты видео

3325
Шенеунік той тойлауға келген әжейге бір күнде 14 адам өлгенін, қазір 1400 адам ауруханада жатқанын жеткізіп, карантинді сақтауды өтінді  

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамханаға тойға келген қонақтарды қарсы алып, үйге кері қайтуын сұрады, деп жазды Lada.kz.

Мұнайлы ауданында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантиндік шаралар енгізілгеніне қарамастан, жауапсыз тұрғындар той өткізбек болды.

Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамхана алдында қонақтарды қарсы алды. Шенеунік көлікте отырған әжейге карантинді сақтау қажеттігін түсіндіріп жатқанда рейд қызметкерлері осы сәтті видеоға түсіріп алыпты.

"Мен сізді аяймын, апа. Бүгін облыста 14 адам өлді. Құдай сақтанғанды сақтайды. Қазір 1400 адам ауруханада жатыр. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтіңіз, келін, балаларыңызды, мына кішкентай сәбиді ойлаңыз", – деді әкім өтпей қалған тойдың қонақтарының біріне.

3325
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0