Өңірлер

Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісінің интимді суреттерін жариялап жіберген ер адам ұсталды

© AP Photo / Eraldo PeresМужчина смотрит страницу в Facebook
Мужчина смотрит страницу в Facebook - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2021
Жазылу
Отыз төрт жастағы ер адам полицияға жеткізілді, ол кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Талдықорған тұрғыны бұрынғы сүйіктісін қайтаруға тырысып, оның интимді суреттерін әлеуметтік желіде жариялаған.

Қыз полицияға шағымданды, оған сәйкес қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

"23 жастағы қыздың бұрынғы жігітіне шара қолдану туралы арызы Талдықорған полициясына 19 шілдеде түсті. Белгілі болғандай, ол жігітпен біраз уақыт қарым-қатынаста болған, бірақ 2020 жылдың шілде айында онымен айырылысуға шешім қабылдаған. Ер адам бір жыл бойы оның соңынан қалмай, көңілін табуға тырысқан. Ақыр соңында интимді суреттеріңді әлеуметтік желіге саламын деп қорқытқан", - деп түсіндірді Талдықорған полиция басқармасының бастығы Асқар Нұрсапа.

Отыз төрт жастағы ер адам бұрынғы сүйіктісінің аккаунтын бірнеше рет бұзған. Ол оның атынан әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, интимді суреттерін жүктеген.

Ол сондай-ақ қыздың жақын адамдарына арналған түрлі фотосуреттер мен видеоларды жариялай бастаған.

Талдықорған қаласының тұрғыны полицияға жеткізілді. Ол кінәсін мойындап, өкінетінін мәлімдеді. Соған қарамастан қылмыстық тергеу жалғасып жатыр, өйткені бұл оны жауапкершіліктен босатпайды.

Түркістан облысының тұрғыны жасөспірім қызды интимді видеомен бопсалаған

Полиция сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 147-бабының 4-бөлігі "Жеке бақа қол сұқпаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу" бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ер адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Жаңалықтар
0