Өңірлер

Батыс Қазақстанда егін орып жүрген комбайншы тоққа түсіп өлді

© Sputnik / Илья Наймушин / Медиабанкке өтуУборка урожая зерновых
Уборка урожая зерновых - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2021
Жазылу
Комбайнның газ шығаратын түтігі электр желісінің сымдарына тиіп кеткен. Тоққа түскен жүргізуші көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында егін орып жүрген комбайншыны тоқ соқты. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады "Мой город" порталы.  

Жүрдек пойыз, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2018
Өңірлер
Астанаға пойызбен тегін жетпек болған жігіт тоққа түсіп қалды
Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 21 шілде күні сағат 11:50-де Бәйтерек ауданында Достық кентінен төрт шақырым жерде болған. Астық жинайтын комбайн мінген 26 жастағы жігіт егістікпен келе жатқан. Сол кезде ауыр машинаның газ шығаратын түтігі электр желісінің сымдарына тиіп кеткен. Тоққа түскен жүргізуші көз жұмды.  

Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бес қызметкері барды. Бірақ комбайншыны құтқаруға мүмкіндік болмады.

Жаңалықтар
0