Теңге, архивтегі фото

"Зорлады деп айыптаймын": Атырауда қыз жігіттен ақша бопсалаған   

15468
(Жаңартылды 12:23 23.07.2021)
Жас жігіттің айтуынша, ол қызды жақсы таниды, екеуі бір қызметте әріптес болған, өзінің ата-анасымен де таныстырған

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Атыраудың 21 жастағы тұрғыны 18 жастағы жігіттен бірнеше рет ақша бопсалаған. Егер бермесе, зорлады деп полицияға арыз жазатынын айтқан.

Қыз алдымен жігіттен 2 миллион теңге алса, кейін тағы 1,5 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас жігіт полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, көмек сұрады.

Оның айтуынша, осы уақыт бойы қыз оны бопсалап келген, зорлады деп айыптаймын деп қорқытқан. Алайда жігіт жыныстық қатынас екіжақты келісіммен болғанын айтып отыр. Олар тіпті бір жерде жұмыс істеген.

Жігіттің сөзінше, ол қызды жақсы таниды, ата-анасымен де таныстырған.

Атырау облысының экстремизммен күрес басқармасы күдіктіні 500 мың теңге алып жатқан жерінен ұстады.

Тағы оқыңыз: Күзетші жас жігітті зорлады: Алматы орталық мешіті түсініктеме берді

Тергеу барысында қыз декструктивті діни сектаның мүшесі болғаны анықталды.

Қазір 21 жастағы күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 4 мың АЕК-ке дейiн айыппұл не төрт жылға дейiн бас бостандығын шектеу, немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ қыздың басқа да бопсалау фактілеріне қатысы бар-жоғы тексерілуде.

15468
Кілт сөздер:
Атырау, ақша бопсалау
сиырлар

Малдары бруццелезге шалдыққан Солтүстік Қазақстан тұрғындары дабыл қақты

12
(Жаңартылды 10:33 23.09.2021)
Ауру жұқтырған сиырдың саны өткен жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Соңғы айда 50 жағдай тіркелген

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның солтүстігіндегі бірнеше ауданда бруцеллез тіркелді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Ауыл тұрғындары жалғыз табыс көзінен айырылғанын жеткізді. Адамдар көктемнен бері ветеринарлық қызмет аурудың асқынуын не себепті тоқтата алмағанын түсіне алар емес.

Михайловка ауылының тұрғыны Маргарита Кучерованың екі сиыры бруцеллезге шалдыққан, енді олардың да көзін жою көзделіп отыр.

Әйелдің сөзінше, барлығы көктемде басталған. Сол уақытта жергілікті фермердің 30-дан астам сиыры ауру жұқтырғаны анықталды.

"Сиырлар жаппай ауырып, бізде ауру өршіп жатыр. Толмачевкада, Асановода ауылында қазір тыныш, бірақ ветстанция әрекет етпей отыр. Неге олар дабыл қақпайды? Неге олар келіп, карантин енгізіп, аулаларды тазартпайды?", - деді Маргарита Кучерова.

Қазір ауыл тұрғындары келесі кезекте кімнің малынан бруцеллез шығуы мүмкін екенін білмей отыр. Барлығы биліктің не себепті карантин енгізбей отырғанына аң-таң. Адамдар осындай тәсіл арқылы өздерін етті арзан бағаға сатуға мәжбүрлейді деп болжады.

Асаново ауылының тұрғыны Евгений Маргердің сегіз сиырын алып кеткен. Оның сөзінше, мал – отбасының жалғыз табысы. Енді төрт баланың әкесі оларды қалай асырайтынын білмейді.

"Менің сегіз сиырымды алып кетті, осылайша маған жарты миллионнан астам шығын келді. Оларды бізден арзан бағаға сатып алып кетіп жатыр, әр килограммы үшін 700 теңге төледі. Бұл күлкілі баға, себебі килограммы 1 200 теңгеден сатылады, ал жас малдың еті 1 600 теңге. Мүмкін олардың жоспары осындай шығар", - деді Маргер.

Қызылжар ауданының мал дәрігерлері құрамына төрт ауыл кіретін Асанов ауылдық округінде бруцеллездің тарауы биыл 10 есе өскенін айтты. Соңғы айда 50 жағдай тіркелген. Мамандар аурудың таралуын тоқтату үшін ауылдарды карантинге жапқан.

"Зерттеу қорытындысы бойынша 9 шілдеден Плоское ауылына және 10 қыркүйектен Толмачевка ауылына карантиндік шектеулер енгізілді. Былтыр барлығы 11 жағдай тіркелген еді. Былтырмен салыстырғанда биыл ауырған мал басы 90 басқа артық. Барлық жерде механикалық тазалау жүргізілді. Содан кейін толық дезинфекция жасаймыз. Артынша дезинфекцияның сапасын зертхана арқылы тексереміз", - деді Қызылжар ауданының ветеринарлық станциясының директоры Ербол Бағенов.

Мамандардың пікірінше, аурудың күрт өсуіне малдың бақылаусыз қозғалысы себеп болған. Бруцеллез Есіл ауданында да тіркелген. Ол жерде жыл басынан бері 125 ауру мал анықталды. Қазір өңірде әрбір сиыр жоспарлы түрде тексеріліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

12
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, бруцеллез, мал
Терморегулятор

Алматыда қашан жылу беріле бастайды

50
Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының денсаулығы маңызды болғандықтан, күн суық болған жағдайда жылу берілетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, жылуды мерзімінен бұрын қосуға болатынын айтты.

"Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, ауа температурасы +8°C және бес күн ішінде одан төмен болса, онда жылыту маусымының басталатыны белгілі. Алайда, алдыңғы жылыту маусымындағыдай, ауа райы салқын болса, жылыту маусымы ертерек басталуы мүмкін", - деді Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының денсаулығы қымбат болғандықтан, күн суық болған жағдайда жылу берілетінін атап өтті.

Бүгінде жылу желілерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардың толық дайындығы ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіне дейін жоспарланған.

Оқи отырыңыз: 

  • Жылу беру маусымы: өңірлерде көмір бағасы қанша теңге болады
  • "Мәйітті өртеу оны қорлаумен бірдей": Алматыда крематорий не үшін салынып жатыр

 

50
Кілт сөздер:
Алматы, жылу, Бақытжан Сағынтаев
Тақырып бойынша
"Көмекке барған": Алматыда көз жұмған полицей туралы оның әріптесі айтып берді
Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсті
"Баспана беріледі": министр Алматыда қаза болған полицейлер отбасына көңіл айтты
Алматыда мектептен келе жатқан қыз жоғалып кетті
мүгедек

Жаңа жәрдемақыға қатысты заң президентке жолданды

3
Заң жобасының тағы бір жаңашылдығы – еңбекте мертігуден мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен оңалту

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Сенат азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заң жобасы аясында мүгедек адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, еңбек ардагерлері және басқа да санатқа кіретін азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру қарастырылған.

Атап айтқанда, I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтарға жаңа жәрдемақы түрін енгізу қарастырылып отыр. Оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,40, яғни, қазіргі көрсеткішпен 48 мың теңгені құрайды.

Жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі - сенат заң жобасын қабылдады

Заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектік тобын беру нормасы да бар. Бұдан бөлек, мүгедек балалардың барлық тобы үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-тен 37%-ке дейін көтеріледі. Бұл шара 30 мыңнан астам мүгедек баланы қамтиды.

Ал мүгедек бала ата-анасынан айырылса, оған тағы бір жәрдемақы тағайындалады. Осы норма енгізілгеннен кейін 2 мыңнан аса бала мүгедектігі бойынша жәрдемақыға қоса, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алады.

Қазақстанда 2022 жылдан бастап қандай жәрдемақының мөлшері өседі

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығы сақталады. Сонымен қатар, заң жобасында мүгедектігі бар баланы күту кезеңін 16 жастан 18 жасқа дейін ұзарту көзделген. Ол зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы тағайындау кезінде оң әсерін тигізеді.

Заң жобасының тағы бір жаңашылдығы – еңбекте мертігуден мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен оңалту.

Сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.

 

 

3
Кілт сөздер:
жәрдемақы, президент, заң
Тақырып бойынша
Екінші өмір: Мүмкіндігі шектеулі жанның таңғажайып жетістігі – видео
Сапарбаев: Сайлауға кем дегенде 500 мың мүмкіндігі шектеулі азамат қатысуы тиіс
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сенсорлық гитара жасалды – видео
"Әкесі итеріп жіберіп, кетіп қалды" Мүмкіндігі шектеулі 3 баланың анасы мұңын шақты