Өңірлер

Петропавлда көпбалалы отбасыда он жетінші сәби дүниеге келді

© Photo : из семейного архиваСемья Култышевых
Семья Култышевых - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Жазылу
Жаңа туған сәби – ұл. Енді отбасында он ұл мен жеті қыз бар. Татьяна тұңғышын 20 жасында босанған

ПЕТРОПАВЛ, 26 шілде – Sputnik. Петропавлда он жетінші баласы дүниеге келген ерекше отбасы тұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шілдеде біздің отбасымызда он жетінші нәресте – ұл бала жарық дүние есігін ашты. Оған Давид деген есім бердік", - деді отағасы Павел Култышев агенттік тілшісіне телефон арқылы.

Бұл көпбалалы отбасындағы оныншы ұл, жеті қыз бар.

Тағы бір жақсы жаңалық – үлкен қызы Инна тұрмысқа шықты. 

Бақыт құшағында 

Павел мен Татьяна 2000 жылы үйленген. Олар шіркеуде танысқан. Сол шақта Павел 22, Татьяна 19 жаста болған. Отбасында қанша бала болатынын талқыламапты. Құдай қанша бала берсе, сонша бала өсіреміз дегенді ұстанып келген.

© Photo : из семейного архиваТатьяна тұңғышын 20 жасында босанды
Петропавлда көпбалалы отбасыда он жетінші сәби дүниеге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Татьяна тұңғышын 20 жасында босанды

Татьяна тұңғышын 20 жасында босанған. Содан кейін жыл сайын отбасында жақсы жаңалық болып тұрған. 

Қазір тұңғыш перзент Инна 20 жаста, Лена 18-де, ал Култышевтер отбасындағы алғашқы ұл Владимир 17, Евгений 16 жаста. Олар әкелеріне бизнесте септесіп, қолұшын созып келеді.

Жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтін Павел он саусағынан өнер тамған азамат: ол дәнекерлеу әдісі арқылы түрлі пішіндегі қақпа, дарбаза, күркелер дайындап, жүк тасымалдау, автокөлік жөндеу, жазда жер жырту және шөп орумен де айналысады. 

Ирина 15, Дмитрий 14, Павел мен Татьяна 12 жаста. Одан соң тоғыз жасар Андрей, сегіз жасар Леонид, жеті жасар Сергей бар.

© Photo : из семейного архива2016 жылы Култышевтер отбасында он екінші перзент дүниеге келген кезде бүкіл Қазақстанға танымал болды
Петропавлда көпбалалы отбасыда он жетінші сәби дүниеге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
2016 жылы Култышевтер отбасында он екінші перзент дүниеге келген кезде бүкіл Қазақстанға танымал болды

2016 жылы Култышевтер отбасында он екінші перзент дүниеге келген кезде бүкіл Қазақстанға танымал болды. Бәрі олар жайлы сюжет түсіріп, мақала жазды.

Бұдан соң жұрт біртіндеп отбасы жайлы ұмыта бастады. Осы уақыт ішінде Култышевтар жанұясы төрт жасар Алена, үш жасар Диана, екі жасар Любовьпен толықты. Өткен жылдың маусымында кішкентай Влад есімді ұл туылса, биыл шілдеде отбасындағы әзірше кенже перзент Давид дүниеге келді. 

Бала – үлкен бақыт 

Павелдің өзі де сегіз бала тәрбиеленген көпбалалы отбасынан шыққан. Қазір ол бауырларымен тату және біраз аға-әпкесі жақын жерде тұрады. Павелдің бауырлары да көпбалалы отбасылар қатарында. 

Ал Татьяна қарапайым отбасында өскен. Оның екі бауыры бар. Әйтсе де Татьяна да балалар өмірдегі ең үлкен бақыт деп санайды. Ол босанатын уақытқа аз қалған кезде ғана емханаға есепке тұрады екен. Жүктілік кезінде ультрадыбыстық зерттеуден өтуге уақыт жоқ. Сол себепті осы жолы да дүниеге келетін шақалақтың жынысын соңғы сәтке дейін ешкім білмеген.

Култышевтер отбасы өте тату, бір-біріне көмектесіп, үлкендері кішілерге қамқорлық танытып, ас дайындап, кір жуу, киім үтіктеу сынды тұрмыс тіршілігін барлығы жұмылып атқарады. Отбасында әрқайсысының әуес ісіне де көңіл бөледі. Мысалы, үлкен сегіз бала музыкалық аспапта ойнайды. Балалар бақшаға бармайды. Олардың өз үйлері де бөбекжайға айналған. Жасы үлкен балалардың өздерінен кішілерге оқу-жазуды үйретеді.

"Балаларды шатастырып алмайсыз ба?" деген сұраққа Павел күліп жауап берді. 

"Жоқ, барлығының есімін білемін, шатаспаймын. Бірақ туған күні мен жасы нешеде екенінен біраз шатасуым мүмкін. Әйелім менен жақсы біледі", - дейді ол.

Павел Култышев көпбалалы отбасылардың барлығының тұрмысы төмен деген стереотипті пікір естігенін айтады.

"Бұрындары отбасында көп баланың болуы қалыпты жағдай еді, ал қазір әр жанұяда бір-екі бала ғана бар. Алайда біз ата-әжелерімізге қарағанда әлдеқайда жақсы жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Мұндай бақыттан қалай бас тартуға болатынын түсінбеймін! Мен қуана-қуана үйге қайтамын. Табалдырықтан аттаған сәтімде-ақ балалар бетімнен сүйіп, құшақтай жөнеледі. Тіпті киім шешіп үлгермеймін. Балаларым тәрбиелі, мейірімді, ерке емес. Біздің отбасымызбен таныс кез келген адамнан сұраңыз, мұны растайды. Бала көп болған сайын олар бір-бірімен тату болып, әр затты бөлісуді үйреніп өседі", - дейді Павел.

Расында да Култышевтар отбасында балалардың барлығы салмақты, сымбатты әрі тап-тұйнақтай. Барлығының киімі бүтін, білім алады және сүйікті ісімен айналысады. 

"Үлкен жанұяны асырау оңай деп айта алмаймын. Түрлі уайым бар. Бірақ құдай бізді назарынан тыс қалдырып жатқан жоқ", - деп қоыртты отағасы. 

Павел осыдан 20 жыл бұрын сатып алған үйді толығымен қайта жөндеп шықты. Отбасы ұлғайған сайын үй көлемі де үлкейе түсті. Павел екінші қабатты көтеріп, қоршаудың орнын ауыстырған және аумақты барынша кеңейткен. Әйтсе де Култышевтар үлкен отбасы еркін сиятын үлкен үйді армандайды.

 

Жаңалықтар
0