Өңірлер

Көкшетауда балалы әйел ауруханадан шыққан соң жоғалып кетті

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСилуэт женщины с ребенком
Силуэт женщины с ребенком - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Жазылу
Бес күннен бері әйел мен оның бір жасар ұлынан хабар жоқ. Дәрігерлер әйелді ауруханаға жатқызу кезінде оның бетінде көгерген іздер болғанын байқаған

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Ақмола облысында полицейлер мен волонтерлер 32 жастағы әйел мен оның бір жасар ұлын іздестіріп жатыр. Олар облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ем алып, жазылып шыққан. Бірақ кейін әйел жоғалып кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ВОЛОНТЁРЫ КОКШЕТАУ LIDER.KZ (@kokshetau.lider.kz)

Емдеуші дәрігердің Sputnik Қазақстан тілшісіне айтуынша, әйелді ауруханаға жатқызған кезде оның бетінде көгерген іздер болған. Ал волонтерлер Наталья Пееваның осымен екінші рет үйінен кетіп қалғанын алға тартты. Ол біраз уақыт тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер бас сауғалайтын дағдарыс орталығында тұрған.

Lider.kz қозғалысының волонтерлері 1989 жылы туған әйел мен оның бір жасар ұлының жоғалуына байланысты ақпарат таратты. 32 жастағы Наталья Пеева 21 шілдеде сағат 11 шамасында Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасынан ұлымен бірге шыққан. Ол медицина мекемесінде баласымен бірге жатқан. Содан бері Натальяның қайда екені белгісіз.

Оның сырт белгілері: бойы 175 сантиметр, шашығы иығына түскен, белінде ою түріндегі татуировка бар. Үстіне көк трико мен алқызыл жейде киген. Ұлының есімі – Витя.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ауруханаға сілтеме жасап ұсынған ақпарат бойынша, 15 шілдеде ұл бала "Тонзиллит. Энтеровирусты инфекция" диагнозымен ауруханаға түскен. 21 шілдеде жағдайы жақсы күйде ауруханадан шығарылған.

"Анасының жай-күйі жақсы болатын, тыныш, сабырлы күйде болды, ешқандай наразылық айтқан жоқ. Тек ауруханаға түскен кезде көзінің астында көгерген із байқалды", - деген аурухана дәрігерінің сөзін жеткізді облыстық басқарма.

Әйелге тұрмыстық жағдайда зорлық-зомбылық көрсетілді ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Алайда волонтерлердің айтуынша, бұл Наталья Пееваның үйінен бірінші рет кетуі емес.

"Ол сәуір айының соңында да үйінен кетіп қалды. Сол кезде олар Астрахань ауданында тұратын. Күйеуі іздеу салған соң, волонтерлар мен полиция тартылды. Біз оны елордадағы бекет жанынан таптық. Күйеуі келді. Полиция қызметкерлері Натальяны дағдарыс орталығына алып кетті де, баласы әкесімен қалды. Кейіннен күйеуі дағдарыс орталығына келіп, олар сөйлесті де, бір мәмілеге келген болатын. Көкшетауда пәтер жалдады", - деді Lider.kz волонтерлері.

Редакция оқиғаның мән-жайын бақылауда ұстап отыр.

Жаңалықтар
0